Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 11939 18 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 08:14

Алты жылдай қытайлармен бірге жұмыс істедім

Алты жылдай қытайлармен бірге жұмыс істедім. Отыз шақты қазақ пен жиырма шақты қытай біргеміз. Оншақты қазақ қытайдан көшіп келгендер. Жұмыс та істейді, аудармашылар да солар. Тек қана аудармашы алып, артық ақша төлейтін қытайың ақымақ емес.

Он бес күн вахта кезінде екі-үш рет рейд жасап біздің полиция қызметкерлері келіп кетеді (Атырау жерінде).

Бір қызығы олар келместен бір күн бұрын қытайлардың бəрі УАЗ таблеткаға тиеліп кетіп қалады. Екі-үш құжаттары "дұрыстары" ғана қалады. Рейд кеткен соң екі сағаттан кейін бəрі қайта келіп "əмірлерін" жүргізе бастайды. Рас кейде крышаларынан хабар келмей қалып, ұсталып та қалады. Ондайда "шустрыйлары" əр жерге тығылып "аман" қалады. Жолы болмаған жеті-сегізін тиеп алып кетеді. Бастықтары барып "қалыңмалын" төлеп əрі барса екі күннен тағы да қайтып келеді.

Бір күні кезекті рейдте алты қытайлықты ұстап алып, тағы да аралап жүріп, бір полиция шетте тұрған қазақ жігітінің қасына келіп:

- Басқа қытай бар ма? - деп сұрайды ғой.

- Анау қойманы аштырсаңыз екеуі отыр.

Полиция қойманы аштырып ол екеуін де тиеп кетті. Сол күні кеште барлығы да қайтып келді. Келді де бастық қытай әлгі "сатқынды" жұмыстан шығарып, сол күні-ақ үйіне қайтарып жіберді. Артынан не болғанын аудармашы айтып берді. Бөлімшеге барған соң бастықтары саудаласып қырық мың теңгесін беріп бәрін де шығарып алады. Содан соң тағы он мың теңге беріп жасырынған екі қытайды кім айтқанын айтуын өтініпті. Оңай олжаға кенелген тәртіп сақшысы айтпай қайтсін..

Келесі жолы алыстан полиция машинасы көрінсе қытайларды өзіміз жасырып, "бізде қытай жоқ, кеше бәрі кетіп қалды" деп шығарып салатын болдық. Қайтеміз, полицияға сенуге болмайды, жұмыс та керек.

Ал сендер қытайлар визасыз кірмесін дейсіңдер. Әлдеқашан кіріп қойған, кіріп те жатыр. Тек қана виза алып тасталса олар еркін кіреді де "кришәбайттап" отырған сақшылар нәпәқасынан қағылады...

Есет Қалмановтың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 741
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579