Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3934 5 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 07:47

"Зобалаң кезеңді" БҰҰ, Еуропарламент дәрежесінде мойындатуымыз керек

Менің ойымша, 1931-1933 жылғы Ашаршылықты сталиндік-большевиктік жүйенің басқа да қылмыстарынан бөліп алып көрсету мүмкін емес.
Шындап келетін болсақ бұл зұлмат - 1916 жылғы көтерілістен басталып, үзілмей жалғасқан қазаққа қарсы, адамгершілікке қарсы жасалған отаршылдық қылмыс. Яғни бұның барлығын кешенді түрде қарастыру қажет.

Айтпағым: осы 2018 жылы бәріміз жабылып 1916-1933 жылдар аралығындағы Зұлмат, тарихтағы “Алқакөл сұлама” деген сияқты зобалаң кезең дегенді насихаттап, ғылыми, ақпараттық тұрғыдан насихаттап, заңдастырып көрсек.

Және де бұны өзге тілдерге аударудың қажеті жоқ. Зұлмат деп алып, өзге тілдерге де енгізіп көру қажет. Еврейлер өз трагедиясын Холокост деп әлемге мойындатты. Украиндар Голодомор деп алып, БҰҰ, Еуропарламент дәрежесінде дәлелдеді. Біздер де осыған ұмтылуымыз қажет.

Және де мынаны үсті-үсті айта беруіміз қажет: ұлт трагедиясын, қазақ қасыретін айтқанда біздер біреуден кек алу үшін айтып жатқан жоқпыз. Бұл ата-бабалар, аруақтар алдындағы перзенттік, ұрпақтық парызымыз. Бұны басқаға қайталап, қан қақсату үшін емес, ұымтпау, қайталатқызбау үшін айтып отырмыз.

Тарих тек мейрамнан, жеңістерден құралмайды. Ұлттың ұлылығы, зиялылығы трагедиядан сабақ ала алуында. Біздің ұлт ретіндегі отарсыздануымыздың қағидасы біреу: біз құл емеспіз, енді ешқашан құл болмаймыз, ешкімді құл қылғымыз келмейді.

Айдос Сарым

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 836
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 677
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 529
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 540