Жұма, 3 Мамыр 2024
4066 11 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:08

Алматыда рейд барысында ондаған заңсыз мигрант ұсталған

Алматы полициясы Өзбекстанның 13 азаматы мен Тәжікстанның тоғыз азаматы соттың миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан өз еркімен шығып кету туралы туралы шешімін орындамады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, екінші рет ұсталған 22 азамат қылмыстық жауапқа тартылмақ. Департамент күдіктілердің "шетелдік жұмыс күшін пайдалану ықтималдығы жоғары" нысандарды тексеру кезінде ұсталғанын айтады. Тексеру базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, оқу орындары мен құрылыс нысандарында жүргізілген.

Қазақстанның оңтүстігіндегі екі облыста өткен аптада "заңсыз миграцияның ықтимал арналарын, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау" мақсатында "Нелегал" деп аталатын жедел алдын алу шаралары жүргізілген. Полиция оның нәтижесі бойынша елге кіру және жүріп-тұру тәртібін бұзды деген жүздеген күдіктінің ұсталғанын, олардың көпшілігі әкімшілік қамауға алынғанын мәлімдеген.

Қазақстанда мұндай рейдтер жиі болып тұрады. Бірақ соңғы рейдтер Қазақстанның ірі қалаларында 21 мамыр күні өтпей қалған, билік рұқсат бермеген қарсылық акцияларының қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген соң жүргізілді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 601
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 348
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 353