Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 5402 7 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 11:07

Алаңдай берем мен неге?

Не өлшейді адам Өмірін?
Сыйламас Тағдыр жеңілін.
Осы бір соңғы кездері
Торыққандай ма көңілім?..
 
Алаңдай берем, алаңдай,
Тоймайтын анау арандай...
Елімнің жайы - мынандай,
Ұлтымның жайы – анандай...
 
Көйлегі оның көк пе екен?
Уайымы титтей жоқ па екен?
Несіне көңіл көншісін,
Жетіскен жандар көп пе екен?..
 
Сенімдер қайда «бекемшіл»,
Түзелмейді екен «бекершіл...»
Әйтеуір, соңғы кездері
Көңілім неге секемшіл?..
 
Көңілім - күтер дауыл ма?
Тасуға әзір қаным ба?
Пенденің жалғыз серігі –
Жүректің жүгі ауыр ма?
 
Бір үміт оты жанса игі?
Құрғыр тіл, нені тамсайды?
Соншама берер алаңдай,
Бұл Жүрек, нені аңсайды?
 
Оңбаса дағы заман қай,
Көре алмаса дағы жаман қай,
Ашығын айтсам, ағайын,
Алаңдай берем, алаңдай...
 
Жұмаш Кенебай,
25.05.2017 жыл.
Abai.kz
7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 642
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 510
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 525