Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 6622 1 пікір 22 Мамыр, 2018 сағат 08:18

Cамал қарындастың жүзінде, көзінде бір мұң бар...

Самалдың жеңісіне бәріміз де қуанып жатырмыз ғой. Өзім бір нәрсе байқадым: осы қарындастың жүзінде, көзінде бір мұң бар. Тіпті жеңімпаз есімі аталып, сахнаға шыққанда да кетпеген. Неге екен?! "Айка" фильмінде ойнаған рөлі - тағдыры тартысқа толы қырғыз қызы екен, содан ба? Әйтеуір өз басым Самалдың фильмдегі рөлін жан-тәнімен ойнағаны, сол қалпынан әлі толық айыға алмай жүргені себеп шығар деп түйдім. Бақытты болсын қарындасымыз!

Тағы бір ой: Кинематография не деген сұңғыла өнер?! Жеті жыл бойы түсіріліпті, яғни оның идеясы одан да бұрын туғаны анық. Сонда осыдан кемінде 7 жылдан кейін келетін көрерменді тәнті қылатын шығарма режиссердің миында туып, жүрегінде пісіп тұр ғой. Уақыт өлтіретін, сабындай көпіретін мелодрама сериал емес, шынайы өнер туындысын өмірге әкелудің азабы мен мехнатын, қиындығы мен кедергілерін шамамен ғана түсінуге тырысамын. Сосын басымды иемін.

Қазыбек Құттымұратұлының facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 850
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 704
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 548
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 554