Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2668 1 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 10:23

АҚШ сенатының барлау комитеті: Ресей Трампқа көмектеспек болды

Senate Intelligence Committee Vice Chairman Mark Warner, D-Va., left, and Chairman Richard Burr, R-N.C., hold a hearing to examine efforts to secure state election systems and to safeguard against foreign meddling in this year's elections, on Capitol Hill in Washington, Wednesday, March 21, 2018. (AP Photo/J. Scott Applewhite)

АҚШ сенатының барлау істері жөніндегі комитеті арнайы қызметтің Ресей 2016 жылы президенттік сайлауға араласты деген бағасымен келісті. Бұл туралы комитет төрағасы, республикашыл Ричард Берр мен сенатор-демократ Марк Уорнердің бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

Мәлімдемеде комитет өкілдерінің ақпарат көздері мен талдау жұмыстарын зерттеуге 14 ай жұмсағаны және АҚШ-тың барлау қызмет өкілдерінің қорытындыларына қарсы дәйек таппағаны атап көрсетілген.

Мәлімдемеде президент Владимир Путин бұйрығымен Ресейдің Дональд Трампқа көмектесіп, Хиллари Клинтонға зиян тигізу мақсатында ауқымды түрде қатты күш салғаны баяндалған.

Марк Уорнердің атынан жарияланған мәлімдемеде президент Владимир Путин бұйрығымен Ресейдің Дональд Трампқа көмектесіп, Хиллари Клинтонға зиян тигізу мақсатында ауқымды түрде қатты күш салғаны баяндалған.

2017 жылы қаңтар айында жарияланған баяндамада АҚШ-тың арнайы қызметі Ресей хакерлікпен және үгіт-насихат жүргізумен айналысып, 2016 жылғы дауыс беруге әсер етпек болды деген қорытынды жасаған еді. Мәскеу мұндай айыпты бірнеше мәрте жоққа шығарған.

Берр мен Уорнердің мәлімдемелері жарияланардан алдын - 27 сәуірде Өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитетіндегі республикашылдар баяндамасын таныстырған. Онда Ресейдің АҚШ қоғамына іріткі салу мақсатында әлеуметтік желілерді, кибершабуылдар мен сайттарды бұзу сияқты тәсілдерді қолданғаны, әйткенмен мұндай әрекеттер ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқаны айтылған. Осылайша Ресейдің сайлау қорытындысына әсер етуі мүмкін емес деп қорытынды жасаған еді.

Өкілдер палатасының баяндамасында Мәскеу Трампқа демократ қарсыласын басып озуға көмектескен-көмектеспегенін анықтау үшін АҚШ-тың арнайы қызметі озық әдістерге жүгінбеді деп сынады.

Abai.kz

1 пікір