Жұма, 3 Мамыр 2024
3816 5 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:59

Үкімет басшысы бола алмаған Никол Пашинян халықты жаппай ереуілге шақырды

Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян жақтастарын Ереван көшелері мен әуежайды жабуға шақырды. Армения парламенті сейсенбі күні оның премьер-министр болуына қарсы дауыс берген.

Армения парламентінде 1 мамырда Никол Пашинянның кандидатурасын қолдап 45 депутат дауыс берсе, 55-і қарсы болды.

Сол күні кешкісін Ереванның Республика алаңында халық алдында сөйлеген оппозиция лидері 2 мамырдан бастап жаппай ереуілді жалғастыруға шақырды.

«Ертең сағат 08:15-тен бастап барлық көлік жолдары, әуежай, темір жолдары жабылады. Біздің үніміз жеңіссіз аяқталмауы тиіс. Ертеңнен бастап жаппай азаматтық билікке бағынбау қозғалысы басталады», — деп мәлімдеді Пашинян. Ол бейбіт акция болатынын, полицияны күш қолданбай, халықпен бірге болуға шақырды.

Армения заңына сәйкес, парламенттің арнайы отырысында премьер-министр сайланбаса, жеті күннен кейін жаңа сайлау өтуі тиіс. Егер екінші рет премьер таңдалмаса, парламент таратылып, жаңа сайлау өтеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 782
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 594
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 500