Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3815 3 пікір 23 Сәуір, 2018 сағат 13:49

Бас дипломат Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

 

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі, еліміздің бас диплоаты саналатын Қайрат Әбдірахманов, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев және қазақстандық дипломаттар мен «Цзиньтай» музейінің қызметкерлері Бейжіңнің «Чаоян» орталық саябағында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Тағзым ету рәсімінен соң Бейжіңдегі Абай Құнанбайұлы бюстінің авторы, белгілі қытайлық мүсінші Юань Сикунь Қазақстаннан келген қонақтар үшін  «Цзиньтай» музейінде арнайы эксурсия жүргізді. «ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты өз музейімізде көргенімізге қуаныштымыз. Біз Қазақстан елшілігімен тікелей байланыстамыз және өте жақсы қарым-қатынастамыз. Елшілікпен бірлесіп, түрлі мәдени шараларды, көрмелерді, «Абай оқуларын», Абайдың туған күнін өткіземіз. Мұндай шаралар әлемдік мәдениет қазынасы болып саналатын Абай философиясын насихаттауға септігін тигізеді», - деді «Цзиньтай» музейінің директоры Жо Хуа ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Еске сала кетсек, Бейжің қаласындағы Абай мүсіні 2014 жылдың 19 наурызында Қытайдағы ҚР елшілігінің бастамасымен орнатылған болатын.

Абай-ақпарат

 

 

3 пікір