Жұма, 3 Мамыр 2024
2906 0 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:30

Бішкекте ЖЭС-тегі коррупцияға қатысты шенеуніктердің тұтқындалуы жалғасып жатыр

"Бішкектегі Жылу электр станциясын модернизациялау" жобасын жүзеге асыру кезінде орын алған коррупцияға қатысты қозғалған қылмыстық істің аясында "Ұлттық энергетикалық холдингтік компания" ААҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Айбек Калиев ұсталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) баспасөз орталығы хабарлады.

Ол қазіргі кезде арнайы қызметтің тергеу абақтысында.

10 сәуірде мекемеаралық комиссия жұмысын тыңдаған Қырғызстанның үкімет басшысы Сапар Исаков Айбек Калиевті отставкаға жіберген. Мұнан бөлек энергетика саласындағы бірқатар шенеуніктер сөгіс алған.

26 қаңтарда Бішкек жылуэлектр орталығында апат болып, астана түгелімен жылусыз қалған.

Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, Жогорку Кеңеш апат салдарын зерттеу үшін арнайы комиссия құрған. Апат орын алған жылу электр станциясы (ЖЭС) бірер жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өтіп, оған мемлекеттен 386 млн доллар қаражат бөлінген.

4 сәуірде МҰҚК ЖЭС модернизациялау басқармасының топ басшысы Темирлан Бримкулов пен «Электр станциялары» ААҚ бас директоры Ұзақ Кыдырбаевтың ұсталғанын хабарлған. Осы іс аясында «Электр станциялары» ААҚ экс-бас директоры, қазір Жалал-Абад қаласының әкімі Салайдин Авазов және оның бұрынғы орынбасары Жолдошбек Назаров да тұтқындалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 614
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 364