Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4550 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 04:10

Мақсат Өсербайұлы. Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек...

Мына дүниенің ісі шытырманға толы. Адам не ойламайды, өз дәуіріндегі үздік, озық ойлы адамдар дүниені өзгертпекті, жақсысымен, жаманымен адамзатты өздері білгенше бақытқа жеткізбекке ұмтылыпты. Соларға қарап тұрсақ заманының билеушісі, озық ойлы адамы және қарама-қайшыласы қатар жүрмек екен.

Ежелгі Грек, Рим ойшылдары бірінен-бірі өткен туындылар жазып, ғылымға енгізіп, алғашқы атаулары пайда болды. Сол кездің өзінде-ақ,  Демократия, Монархия, Аристократия, Олигархия, Тирания, Охлократия т.б атаулармен мемлекет басқарудың құрылымдарын жүйелеп, неден не, болатынын көрсетіп кеткен.

Үлкен көлемде жайпай жазбай, түпкі мақсатты көрсеткендей болып, оқырмандарға да толық жетесіне жеткізбей, ойланарлықтай, ізденерліктей, етіп жазылса дұрыс болар. Өйткені бұл өзгеретін, ауысатын, дамитын, не құритын я болмаса әркімге сан түрлі болып көрінетін құбылыс болмақ.

Әуелі Абайдың М.Ю. Лермонтовтан аударған, тақырыбымызға арқау болып тұрған өлеңді толық оқып көрелік:

«Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек,

Жұрт сүйген нәрсені ол да сүймек.

Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,

Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.

Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,

Сүйтседе ірісімен кеңесіп жүр.

Кейбірін қауіптендір, мінін тауып,

Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.

Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ,

Мына дүниенің ісі шытырманға толы. Адам не ойламайды, өз дәуіріндегі үздік, озық ойлы адамдар дүниені өзгертпекті, жақсысымен, жаманымен адамзатты өздері білгенше бақытқа жеткізбекке ұмтылыпты. Соларға қарап тұрсақ заманының билеушісі, озық ойлы адамы және қарама-қайшыласы қатар жүрмек екен.

Ежелгі Грек, Рим ойшылдары бірінен-бірі өткен туындылар жазып, ғылымға енгізіп, алғашқы атаулары пайда болды. Сол кездің өзінде-ақ,  Демократия, Монархия, Аристократия, Олигархия, Тирания, Охлократия т.б атаулармен мемлекет басқарудың құрылымдарын жүйелеп, неден не, болатынын көрсетіп кеткен.

Үлкен көлемде жайпай жазбай, түпкі мақсатты көрсеткендей болып, оқырмандарға да толық жетесіне жеткізбей, ойланарлықтай, ізденерліктей, етіп жазылса дұрыс болар. Өйткені бұл өзгеретін, ауысатын, дамитын, не құритын я болмаса әркімге сан түрлі болып көрінетін құбылыс болмақ.

Әуелі Абайдың М.Ю. Лермонтовтан аударған, тақырыбымызға арқау болып тұрған өлеңді толық оқып көрелік:

«Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек,

Жұрт сүйген нәрсені ол да сүймек.

Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,

Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.

Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,

Сүйтседе ірісімен кеңесіп жүр.

Кейбірін қауіптендір, мінін тауып,

Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.

Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ,

Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ,

Анда-санда құтырған жаман емес,

Оныңды жиі қылмай және бол сақ.

Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ,

Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ.

Жұрт - жас бала ешнәрсесін тартып алма,

Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.

Жат елге жадағайда сөйле шәргер,

Тар жерде тайпалаудан танба әр кез.

Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап,

Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез», - әрине, бұл өлең жеке тұлғаға айтылған, әркім өзінше пайымдай тұрар...

Келесінде әлем ойшылдарының ұлағатты мемлекет басқарудағы, халық пен билеушілердің ара қатынастары туралы сөздерін келтіріп көрелік.

Ел басшысы біреуге жаза қолданарда, үнемі ата-баба дәстүрін еске сақтай отырып үкім шығарғаны абзал. Сонда оның әділдігіне өзгелердіңде көзі жетіп, көңілі сенеді, сенің әрекеттестеріңді бар жанымен қолдайды. (Конфуций)

Патшаның ақылдылағы қасындағылардың сөзіне ермейтіндігінен көрінеді. (Клеобул)

Жағымпаздар әрдайым өз басы үшін қорқып жүргені абзал. Патша сонда ғана елге тыныштық орнатады. (Питтак)

Мемлекет басшысы елді екі түрлі тәсілмен басқарады. Оның бірі - қабылдаған заң жолымен, ал екіншісі - күш қолдану арқылы. Бұның біріншісі - адамға, соңғысы - хайуанға тән қасиет. Егер тәртіп орнатқысы келесе, билеуші осы екі тәсілді де тең ұстанғаны дұрыс. Түсінігі барларға заңды құрметтеуді үйрет, ал көнбегендерге күш қолдануға тура келеді. (Макиавелли)

Биліктің бір ғана артықшылығы бар - көп адамға жақсылық жасауға мүмкіндік береді. (Грасиан)

Адамдарды тек ақыл мен ақиқаттың көмегімен ғана басқаруға болады. (Джефферсон)

Халықтың бір бөлігін үнемі ақымақ ете беруге болады, бүкіл халықты біраз уақыт та ақымақ етіп жүре тұруға болады, бірақ бүкіл халықты үнемі ақымақ ету мүмкін емес. (Линкольн)

Мемлекетті басқару өнері - өнер атаулының төресі. (Демокрит)

Дей тұрғанмен бәрімен келісігу болады ғой. Олар рас айтып тұр.

Өз дәуірінде жарты әлемді билеген әмірші, жаһангер, атақты қолбасшы Әмір Темір ел және әскер басқару ісін заңмен, қағидамен қалай бекіткені, қандай құрамаға бөлінгені жөніндегі өз атымен жазылып қалған ойларын еріксіз мойындауға болады.

«Ел басқару ісін заңмен, қағидалармен растап, салтанат сарайымды одан сайын әрлендіре, көріктендіре түстім. Билікті он екі құрамаға бөліп, соларға сүйене отырып іс атқардым. Заң, қарар-қағидаларды осы он екі құрамға орайлас етіп құрдым. Бұл он екі ай, ел басқару аясының он екі ұстын-тірегі деп есептедім.

Бірінші құрам - пайғамбар әулетінің адамдары, ғұлама, шайқылар, білімділер қауымы. Оларды мен ең жақыным деп есептедім. Олар менің сарайыма ылғи да келіп-кетіп, жиын кеңесіме көмегімен қоса көрік беріп отырды. Діни, адами мәселелерді ортаға салып, құнды пікірлерін білдірді. Діни тағылымын, адалдық пен һарамдықтың аужай-төркінін мен солардан үйрендім.

Екінші құрам - ақылды кісілер мен кеңесшілерді, жауапты қызыметкерлерді, алдын-артын көріп, алыс-жақындықты сергектікпен сезуші кексе, іскер кісілерді мәжілісіме тартып, сыр-сұхбаттарынан нәр алып, нәп көріп, тәжрибе жинақтадым.

Үшінші құрам - аузы дуалы, батагөй кісілерді қадір тұттым. Оларды оңаша сұхбатыма шақырып, алға қойған арман, мақсаттарымды айтып, олардан ақ, алғыс, аманат алдым. Мәжілістерде, көңілді сауық-сайрандарда, ұрыс-керіс, арасат алаңында, қантөгіс майданда олардан көп-көп  көмек таптым, пайда көрдім. Ұрыс-соғыс кезінде олардың дуалары дарып, жеңіске жеттім, жаудан басым түстім.

Төртінші құрам - әмірлер, шекара қызыметіндегілер мен әскер басылардың әрқайсысына мәжілісімнен лайықты орын беріп, мәртебелерін биіктеттім. Оларды ортақ әңгімеге тарта отырып, түрліше сауалдар бердім. Ұрыс кезінде көрсеткен ерліктерін еске алып, шын көңілдерімен бірге ақыл-кеңестерін өз керегіме жараттым. Майданға ат қойдым, атой салып кіріп, шығу тәсілдерін, жау әскерінің қолтығын сөгіп, арасын бұзып кіріп, найза шаншып, садақ атып, қылыштасуды, айқас-шайқастан басқа да бүкіл айла-амалдарын солардан сұраушы едім. Ерлік, қаһармандық жорықтарында оларға арқа сүйеп, қиын-қыстау кезеңдерде солардан кеңес күттім.

Бесінші құрам - лауазымды кісіге де, қара халыққа да бірдей қарадым. Ерлігімен ерекше танылған баһадүрлер мен жаужүрек, батырларға шоқ жұлдыздай жарқыраған отаға, кемер белдік, оқ толы қорамсақ сыйлап, мәртебелерін асырдым. Әр ел, әр мемлекеттің аузы дуалы ақсақалдарын, ұлықтарын қадірледім, оларға деген сый-сыяпатымды аямай, адал қызыметтерін өзіме пайдаландым. Жауынгерлерімді қай кезде де ұрысқа сай әзірледім, жағдайларын жасап, айлық ақыларын сұраттырмай беріп тұрдым. Бір ғана мысал, Румға аттанар алдында бұрынғы және алдыңғы атқарар қызыметтері үшін әскерімнің азық-ауқаттарын алдын ала бергіздірдім. Лауазым иелері мен қарапайым халықтың арасын мүмкіндігінше тепе-тең жағдайда ұстап, біріншісінің екіншісіне үстемдік жасап, ірі сөз айтпауын, дөрекі іске бармауына қатаң түрде қадағалап отырдым. Әсіресе лауазымды кісілерді өз білік, дәрежелерінде шектеп, олардың өсіп, бөсіп кетпеуін назарыма алдым. Олардың мәртебелерін аса көтеріпте жібергем жоқ, тым төмен де құлдыратпадым. Қай-қайсысы бірер қызыметімен көзге іліксе, алдына тарту-таралғы тартып, басқалардан айырықша құрмет көрсеттім. Қай-қайсының ақыл-амалы, пайым-парасаты өзгелерден өзгешелеу оқшауланып жатса, оны ерекше тәрбиеге алып, әмірлік дәрежеге әзірледім. Көрсеткен қызыметіне сай мәртебесін өсіріп, лауазымын асырдым.

Алтыншы құрам - ақылды, тәжрибелі, ең сенімді кісілерді жаныма топтап, ел басқарудың сыры мен қырын олардан жасырмай, керісінше, кеңес сұраушы едім. Әмісі олармен сырлас, сұхбаттас болып, құпия мәселелерді, жасырын жайларды соларға жүктеп, соларға тапсырдым.

Жетінші құрам - уәзірлер, бас хатшы, тарихшы-шежірешілер тәж-тағымның, салтанат- сарайымның көркі де, ажары да бола білді. Оларды алыс-жақын мемлекеттерді, елдерді қалтықсыз бақылап, қапысыз танитын көз дүрбіме баладым. Бүкіл өңір-өлкелердегі үкімет істерін, күнделікті оқиғаларды, бұқара халықтың тұрмыс-күйін, хал-ахуалын маған күнбе-күн хабарлап отыратында солар болды. Олар мемлекет қазынасын арттырып, қазына қарауына түскен ырыс пен құтты, байлық пен берекені шашау шығармай сақтап, әмірімнің артуы, мемлекетімнің гүлденуі үшін аянбай қызымет атқарды.

Сегізінші құрам - шипагерлер, тәуіптер, жұлдыз санаушылар, сән-салауат шеберлері және басқа да кәсіп пен нәсіп иелерінің қай-қайсысын да шетке қақпай, керісінше, айнала-төңірегіме топтастырдым. Шипагерлер мен тәуіптердің көмегімен ауруларды емдедім. Жұлдыз санаушылардан есеп болжамдары  бойынша, аспан әлемінің құтсыз күндерін, сәтсіз сағаттарды алдын ала біліп отырдым. Сән-сәулет шеберлерін қанатыма тарту арқылы ғажайып ғимараттар салып, болашақ бағау-бостандардың сұлбасын сыздым, тұлғасын тұрғыздым.

Тоғызыншы құрам - зиялыларды, пйғамбарлар мен олардың әулеті, сахабалары хақында хикая, естелік жазушы тарихшылар мен шежірешілерді өз маңайыма ұстап, пайғамбарлар мен әулиелердің өмірінен, бұрын-соңды өткен патшалар жайындағы деректерді, олардың қандай жағдайда таққа отырып, билік құрғанын, бастарынан бақ, астарынан тақ, қалай тайғанын ерінбей- жалықпай сұрап, біліп отырдым. Әрқайсысының өмірі мен өнегесін, сөздері мен істерін естіп, жақсысынан ғибрат, жаманынан сабақ таныдым. Әлемде болып жатқан оқиғаларды олар арқылы айнадан көргендей бақылап, шартараптан сәт сайын хабар алып тұрдым.

Оныншы құрам - майшайықтар, сопылар, тәңірімен тіл табысқан дангөйлер. Олармен ылғи да байланысымды үзбей, етене жақын сырластым, сұхбаттастым. Ақыл-кеңес, ақыреттік пайдаларын алдым. Олардың ділінен тәңірінің тілін танып, ғажайып кереметтерге кезіктім, өнегелі әдеттерін бойыма сіңірдім, бейілдерінен рахат тауып, әңгімелеріне ұйыдым.

Он бірінші құрам - өнер және мәдениет қайраткерлері. Бұлардың әр қайсысын ел-елден, шет-шалғайдан іздестіріп жүріп таптырып, мейлінше үздігі мен айырықша озықтарын сарайыма алдырып, орда ішінен орда сайладым. Жорықта да, орнықты өмірде де олар ләшкеріме керекті қару-жарақ, құрал-саймандарды дер кезінде әзірлеумен бірге, жеңісіме рух беріп, өрісіме құт тілеп отырды.

Он екінші құрам - әр ел, жердегі саяхатшылар мен мүсәпірлердің өмірлерін асырап, көңілдерін аулап отыруым арқылы, олар маған алыс-жақын аймақтардың бәрінен күнбе-күн жаңалық хабарлар жеткізіп тұрды. Әр елге, жерге саудагерлер мен керуен басылар жіберіп, қай қиырда жүрмесін, олар Хутан, Чин Мачин (Қытай), Үндістан, Араб мемлекеттері, Мысыр, Шам, Рум, Жазайыр (Израиль), Франстан, Еуропа елдерін түгел шарлап, сауда-саттық пен қоса сауға-сарықтар үлестіріп, қайтарда қымбат бағалы асыл бұйым-киімдермен қоса, сол елдің ахуал-аужайын, ондағы жұрттың тұрмыс-тіршілігін алақандағыдай айтып беріп отырды».

Мұнда сөз жоқ. Тек үлгі, ғибрат алу қажет.

Пайғамбарымыз (с.у.с.) «Расында, сендер билікке ұмтыласыңдар, ал ол Қиямет күні өкініш болады. (нәрестені) емізген қандай жақсы, ал емшектен шығарған қандай жаман»! - деген.

Билікке ұмтылыудың мәкруһтігі туралы айтады. Және мұнда пайғамбарымыз (с.у.с.) билік және онымен байланысты талап-тілектің қанағаттандырылуын сәбидің емшек ему мерзімімен салыстырған, ал биліктен айырылу мен билеушінің өлтірілуін және Ақырет күні өз ісіне жауап беруін сәбидің емшектен шығарылуына теңеген. (Сахих әл-Бұхари)

Осы сөзді әрмен қарата жалғастырсақ билікке ұмтылу өз нәпсі қалауының соңынан еріп жасаса сол түбінде өкінішке апарса керек. Шәкәрімнің мәнді сөздерінде: «Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлау, өзімшілдік, мақтан көксейтін - тән мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін - жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам, зұлымдық қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниетпен басқа іздейтіні жоқ, ол адам  баласын ала көреді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды»  деп келтіреді.

Енді ең өзектісіне жақсы жағынан қарап, байқап Хакім Абайға баралық. Ол  жаннан сұралық, біз не етпекпіз? не жасамақпыз? қайда бармақпыз? деп...

«... Енді біліңіздер, ей перзенттерім! Құдай тағаланың жолы деген жол алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз (шексіз, өлшеусіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса - өзің нихаятталасың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиыласың, маған құйыласың, отырған орныма  ағып келе берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадәлат, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол - құдайдың жолы. Ол ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз құдаға тағырып хасил (жақын нәтиже, ұқсас, жақын қорытынды) болып хас (ерекше) езгу құлдарынан болмақ үміт бар, өзге жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзктпен, жүріс тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бір дәулет біледі. Бұл істердің өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Сыртқа қасиет бітпейді, алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямсыз ықыласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікпенен өсер...»

Бұл сөзден артық не айта аламыз. Абай жоғарыдағы Хақты меңзеп, адамды сөзбен түзетпекші, ар жағы әр адамға байланысты болмақ. Тек айтайын дегеніміз не қылса да, не жасаса да,  жұртты емес, әуелі  адам өзін түземек  керегі байқалмай ма?!  Уа,  Достар!

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір