Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3495 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 00:58

Оңтүстік Қазақстанда Халық банктің бөлімшесін тонаған қарақшының бірнеше тонаушылық пен қарақшылыққа қатысы барлығы анықталды - полиция

Шымкент. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби аудан орталығында орналасқан Халық банктің бір бөлімшесін тонаған шабуылшылар тобы осы аймақта бұрын жасалған бірнеше тонаушылық пен қарақшылыққа қатысы бар, деп ОҚО ІІД қылмыстық полиция бастығы Серік Шалхаров мәлім етті.

«2010-шы жылы 30-шы қарашада белгісіз үшеу Ленгр қаласындағы банк ғимаратына кіріп келіп, кассирлерді пышақпен қорқытып Т1,5 млн ақшаны тартып алып кеткен», - деді С. Шалхаров.

Департамент өкілінің айтуынша, тергеу барысында қамауға алынған 20 жасар жұмыссыз Шымкент тұрғындары былтыр жасалған тағы 4 ауыр қылмысқа қатысы барлығы  анықталған.

Былтырғы ақпан айында қарақшылар есікті бұзып, Шымкенттің бір дүкенінен 32 ұялы телефонды алып кеткен.

Қыркүйекте қарақшылық топ тұрғынүйге басып кіріп, ішінде $24 мың ақшасы мен ноутбугі бар сейфті алып кеткен.

«Қазан айында қарақшылар Бәйдібек ауданындағы ЖҚС-ке қарақшылық шабуыл жасаған. Олар қорқытып, Т35 мыңды алып кеткен», - деді С. Шалхаров.

Ол, қарақшылар сол айда автожанармай құйғыш стансаны тонағанын, одан да Т500 мың ақшасы мен құжаттары бар сейфті алып кеткенін айтты.

Қылмыстық полиция бастығы қарақшылар қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК 179-шы бабы - «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс ашылғанын айтады. Қарақшылардың белгілі болған үшіншісіне іздеу жарияланыпты.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 603
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 505