Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3793 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 09:20

Интернет-конференция: Серікжан Есенғоcұлы

Елдегі саяси партиялардың арасында кезінде Алтыншаш Жағанова ханым құрған «Руханият» атты партия болғанын жұрт білсе керек. Саясат сахнасында сылбырлық танытқан партияның өткен жылы басшылығымен бірге атауы да ауысқаны мәлім. Қазір де «Руханият» жасылдар партиясын Серікжан Есенғоcұлы Мәмбетәлин басқарады. Партияның жарғысында негізгі қызметтік бағыты ретінде табиғат - адам - мәдениет - қоғам деп көрсетіліпті. Және де бұл партия экология, оралмандар мәселесімен кешенді айналысатын бірден-бір саяси ұйым.

Сонымен, жыл басынан бері еліміздегі қоғамдық-саяси өмірде орын алып жатқан түрлі оқиғалар мен жағдайларға, алда болуы мүмкін өзгерістерге байланысты оқырмандармен ой бөлісіп, сауалдарға жауап беру үшін «Руханият» жасылдар партиясының төрағасы Серікжан Есенғоcұлы Мәмбетәлин мырза интернет-конференциямыздың қонағы болып отыр.

«Абай-ақпарат»

СЕРІКЖАН ЕСЕНҒОСҰЛЫ МАМБЕТАЛИН

Серікжан Есенғосұлы Мамбеталин 1969 жылы 7 қаңтарда Ақтөбе қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келді.

1985-1991 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина инстиутын,  1986-1991 жылдары Мәскеу мемлекеттік шеттілдер курсы, 1992-1994 жылдары Қазақстандық менеджмент, экономика және жоспарлау институтын МВА, бизнесті басқару магистрі мамандығы бойынша білім алды.

1994-1996 жылдары Қазақстанның Франциядағы сауда өкілдігінде экономикалық кеңесші ретінде бастады. Қызметінде Француз үкіметінің Қазақстан үшін ашқан кредиттік желісіне қызмет көрсетумен айналысты.

Қазақ-Француз үкіметаралық комиссиясының мүшесі;

1997-1998 жылдары Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Миссиясында Экономист қызметін атқарды. Қызметінде Дүниежүзілік банктің ауылшаруашылық, экология, медицина салаларындағы жобаларын сараптау және қадағалау саласы бойынша еңбек етті.  Тиісті министрліктердің донорлық комиссияларында Банктің өкілі;

1998-1999 жылдары Қазақстанның Халықтық жинақ банкісінде Басқарма Төрағасының Кеңесшісі қызметін атқарды. Атқарған қызметтері: Шетелдік банктермен твиннинг бағдарламасын әзірлеу және ендіру, халықаралық қаржы институттарымен әріптестік байланыс орнату;

1999-2001 жылдары KazPost - Қазақстандық пошта мемлекеттік компаниясында Басқарма Төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Жауапты саласы: Пошталық-қаржылық қызметтерді ұйымдастыру және ендіру, Қазақстанның пошталық-жинақ жүйесін құру;

2001- 2009 жылдары Ұлыбритания, Лондон қаласында консалтингтік агенттіктің Даму жөніндегі Директоры болып қызмет атқарды. Жауапты саласы: Компанияның бизнесін Қазақстанда дамыту, Түркменстан, Ашхабад қаласында компанияның өкілдігін ашу;

2009 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Мемлекетінің сауда-өнеркәсіп палатасының Даму жөніндегі Вице- Президенті, "Жасылдар/Greens.kz" қоғамдық қорының Президенті болып қызмет атқарады.

16 наурыз 2010 жылы «Руханият» Жасылдар Партиясының Төрағасы болып Алматы қаласында өткен партияның VII сьезінде сайланды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 838
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 682
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 531
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 541