Жұма, 3 Мамыр 2024
5441 7 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 12:26

Қазақстанда 400 мыңнан аса жалғызбасты ана бар

Жалғызбасты аналардың жағдайын кім ойлап жүр?

Республикалық «Әйелді аяла» акциясы аясында танымал PR маман, әйелдерге арналған «Ажыраспа» блогының авторы Айна Досқызы осы сауалға жауап берген екен.

«Біздің қоғамдағы жалғызбасты аналардың жағдайы ауыр. Мемлекет тарапынан қолдау қарастырылмаған. Бұдан бөлек көптеген ер-азаматтар ажырасқаннан кейін өзінің жұмыс орнын жасырады. Ресми жалақысын жасырады», – дейді ол.

Айна Досқызының айтуынша, мұның бәрі өз балаларына алимент төлемеудің жолы.

«Қазақстанда 400 мыңнан аса жалғызбасты ана бар. Бұл біздің қоғамдағы аса өзекті мәселенің бірі», – дейді Айна Досқызы.

Айта кетелік, әзіргі күні елімізде «Әйелді аяла» акциясы өтуде. Шараның мақсаты қоғамдағы нәзік жанды қауымның беделін көтеру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қазақ әйелінің қазіргі ортадағы проблемаларын ашық айту.

“Әйелді аяла” акциясына Дана Нұржігіт, Ләйлә Сұлтанқызы, Бақыт Шадаева, Айна Досмұхамедқызы сияқты танымал тұлғалар атсалысуда.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 843
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 691
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 542
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 548