Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 6114 7 пікір 25 Наурыз, 2018 сағат 11:42

Қызды құшақтай бердім...

Өмірімде ұшаққа отырып көрмеген байғұс басым, демде ағарып кетті, қап-қара шашым... Қарағанды – Алматы бағытындағы «Эйр Астана» Boeing-757 ұшағының стюардессасы бетінде бірдеңе жүргендей, сол иығындағы шайтаны сықылықтап күлгендей, көздері от болып, орысша айтсам, бір түрлі шок болып: "Бензин құюды ұмытып кеткендіктен, Алматыға қона алмаймыз. Астанаға қонамыз..." дегені. Әшейін айтамын, техникалық ақау шығыпты!

Зәремнің ұшқаны соншалық, қасымда отырған бейтаныс қызды құшақтай алдым! "Өлді, сосын көмді!" деген осы! Біздің ұшақтар ажал ұшақтары! Талайлардың тағдырын жұтқан ұшақтар!

– Кешіріңіз ағай, неменеге құшақтап отырсыз? – деп сұрады бойжеткен.

Оның да түріне қышқыл бірдеңе тамып кеткендей еді.

– "Бірге өлейік" дегенім ғой.

– Не хочу с вами! Сізді танымаймын ғой?

– Какая разница?

– Интересно! Танымайтын, бұрын көрмеген адаммен қалай құшақтасып, бірге өлемін? Не удобно...

Ұшақ жерге қарай құлдилап, сілкілей жөнелгенде, көздерімді тарс жұмып, қызды тағы да құшақтай алдым. Оның да жаны жеті жүз емес қой, мені құшақтап, басын иегіммнің астына тығып алыпты.

– Мені құшақтап алыпсыз? Танымайтын адамды? – дедім мен.

– Извените... Білесіз бе? Мен министрдің қызымын ғой.Сіздей "простой" адаммен бірге өлгім келмейді...

Қазақшаны қақалып сөйлесе де, сұлу қыз екен. Мен оны құшақтап, бетінен сүйіп–сүйіп алдым. Ақыры өліп барады екенбіз, бір мезгіл көңіл көтеріп қалайық та?

– Не істеп жатырсыз? – деп сұрады ол.

– О дүниеге сізді сүйіп аттанайын деп...

– Ужас...

– Мен бақыттымын! Министрдің қызын құшақтап отырмын!
Ол әкесіне ұялы телефон соқты.

– Пап, самолетіміз құлап барады ма? Не знаю. Бір дурак мені құшақтап отыр... Не істеймін? – деген бойжеткен жылай бастады. Қосылып мен де жылап отырмын. О, жарық дүние! Қадіріңді жер бетінде білмейді екенбіз-ау?

Атысып, шабысып, құшақтасып, сосын пышақтасып... Бір кезде ұшқыш: "Астанаға қондық. Сау болыңыздар!" деп хабарлады. Қуанғаным-ай! Жата қалып, жерді сүйіп жатсам, министрдің қызы иығымнан түртеді. Жалт қарап едім:

– Дурак! – деді.
– Дура! – дедім мен. Сөйттім де, қыздың қарсылығына қарамастан құшақтай алдым. Жер басып тұрғанына мәз болған министрдің қызы жымиды...

Мұхтар Шерім

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1024
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 891
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 749