Жұма, 3 Мамыр 2024
4519 12 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 04:20

Жас «ақынның» жыры. Президентті «Құдайға» теңеді

Атышулы жас ақын Балтабек Нұрғалиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстандық Құдайға» теңеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды newsasia.kz.

Оның «Қазақстандық Құдайым» деп аталатын туындысы желіде үлкен дауға айналды.

Райымбектей рақымды бола білген ылайым,
Нұр-Атамды мен ғажап Әулие деп ұғайын.
Қабыл алған халқының армандарын, мұратын,
Ерен тұлға Елбасы – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰДАЙЫМ! — деп жазды жас ақын өз одасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрғалиев Елбасы мен оның ата-анасының есімдерін Ата Заңға енгізу туралы жыр жазып желіні бір шулатса, оған дейін Дариға Назарбаеваға ода арнап, сонымен бірге, Сара Назарбаеваны бар қазақтың анасына теңеген болатын.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 747
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 459
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 475