Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 6665 5 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 04:15

Қытай күшеюде. Қазақ қайтпек?

Қытай басшысы Си Цзиньпин өмір бойы тақта отыруға мүмкіндік алды. Қазір жасы 64-те. Демек әлі кемі он жыл тақта отыруы мүмкін деген сөз. Сонда өзгелерді не күтіп тұр?

Си билікке жетісімен-ақ жаңа бағыт ұстанды. Оның саясатын бір сөзбен қатаң, тәуекелшіл әрі саяси тәбеттің жоғарылығымен сипаттауға болады. Мысалы партияның ХІХ сьездінде жасаған баяндамасында ол "Ұлы қытай халқының жандануы" атты сөзді ең көп айтыпты. Бақандай 27 рет. Жалпы Қытай 2049 жылға дейін, яғни ҚХР құрылғанына 100 жыл толғанда империяны жандандыруды көздейді. Қазіргі әрекеті де сол жолда жасалуда. Енді алдыңғы таңда не болуы мүмкін:

1. Қытай ішкі мәселесін толық шешуге тырысады. Ол сыртқы мәселемен алаңсыз айналысуы үшін, ішін толық реттестіруі керек. Қытай билігі ішіндегі өзге халықтар мен күрделі аймақтарды, яғни СУАР, Тибет, Ішкі Моңғолияны жоюды іске асыруда. Соңғы уақыттағы өзге халықтарға қысым қарқынды түрде артты. Аз халықты ассимиляциялап, құрту мақсатында қытайлықтар миллиондап көшірілуде. Өзге халықтарға өз тілінде сөйлеуге, білім алуға тыйым салынып, мектептер жабылуда. Қазаққа да бұл нәубет әсер етіп жатыр. Бізге амал біреу, ол қандастарды дереу атажұртқа көшіру. Ал елі жоқ, жері жоқ ұлттар Қытайдың бұл саясатынан қатты зардап шекпек.

2. Дінмен күрес күшеюде. Қытай жалпы дінді жоғары қоймайды. Олар үшін философиялық ағымдар басымырақ рөл ойнайды. Әсіресе конфуцизм. Ал өзге діндерді мемлекеттің дамуы мен қоғамның бірігуіне кедергі деп санайды. Демек мешіттер, шіркеулер жабылуы еселеп артпақ.

3. Си кей отбасыларға екі баладан өмірге әкелуге рұқсат етті. Ол экономикалық белсенді күш ретінде жастардың азайып, қарттардың көбеюімен байланысты. Яғни балансты қалпына келтіру керек. Алайда бұл саясаттың да бізге зияны бар екенін ескеру қажет.Қысықкөздің саны артса, саяси салмағы да арта бермек.

4. Ендігі таңда олар әлемдік әскери қақтығыстарға қатысып көруі мүмкін. Оны Сириядағы Асад әскеріне кеңес беруді арттырғанынан аңғаруға болады. Сонымен қатар Пәкістанда әскери база салып жатыр. Жалпы Бейжің Таяу Шығыс ісіне араласуға ниетті сияқты. Таяу Шығыстың АҚШ-тың ойын алаңы екенін ескерсек, демек бұл айдаһардың ақбас бүркітке ашық, айқын бәсекелестігі болмақ.

5. Көршілес елдермен әскери қақтығысқа түсуі бек мүмкін. Бірінші кезекте Жапония және Үндістан. Үндістанмен бірнеше мәрте шекаралық қақтығыс орын алды. Ал Жапониямен аралдар үшін тартыс болуда. Оның үстіне тарихи тыртық та бар. Сондықтан атыс-шабыс болып қалса, таңданбаймын. Корей түбегінде соғыс оты тұтана қалса, онда сөзсіз Си оған қатыспақ. 1950-53 жылдары Мао Солтүстік Кореяға 1 млн әскер жіберіп,тіпті өз ұлын құрбан етсе, Сиде сол жолды таңдары анық. Мемлекеттік мүдде жоғары тұрмақ.

6. Моңғолия мен Орталық Азия елдерінің кейбірін отарлауға тырысуы ғажап емес. Жалпы Моңғолияның солтүстік бөлігін, Қырғызстан мен Тәжікстанды Қытайдың өздеріне қосқысы келетінін Батыстық эксперттер сан мәрте айтты. Ал соңғы уақытта Қазақтың кей жерінен атаңа нәлеттердің дәмесі бар екені де байқалуда. Қысқасы сақ болу қажет.

7. Сапалы әскерді арттырып жатыр. Әскер санын 2,5 млннан 2,1 млнға азайтқанымен, арнайы жасақ санын 300 мыңнан асырды. Бұл саннан сапаны басымдыққа шығарғанын байқатып отыр.

8. Экономиканы басты орынға шығаруды көздеп отыр. Тіпті АҚШ-пен "экономикалық соғысқа" дайынбыз дейді. Тәбеттері зор. Ең маңыздысы, олардың расымен оған мүмкіндігі жететіндігінде.

ПыСы: Енді бұл бізді қорқытпауы тиіс, бірақ терең ойға жетелеуі міндетті. Қазақ білім мен ғылымды күшейтіп, сапалы әрі интеллектуальды ұлт құруы қажет. Жылдам арада. Бізге шағын әрі қуатты әскер, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет. "Арыстан бар екен деп, апанда жатпас ал бөрі" дегендей, бөрі бабаларымыздай жарқын болашаққа қарай жорта беруге тиіспіз. Қытайдың күшеюі бізге стимул әрі сақтық! Си "Ұлы қытай халқының жандануын" 27 рет айтса, біз "Ұлы Күлтегін жолын жандандыруды" іске асырып үлгеруге міндеттіміз. Бабалар алдында, ұрпақ алдында!

Асхат Қасенғали

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 642
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 509
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 522