Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3512 1 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 15:59

Алматы облысында жол жөндеуге 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді

Облыстық және ауылішілік жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жыл сайын 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, жергілікті жолдардың 78%-інің жағдайы біршама жақсарды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында әлемдік заманауи стандарттарға сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Талдықорған» автокөлік жолдары жасалды. Өткен жылдың өзінде ғана көлік қызметінің көлемі  10% өсіп, 500 млрд. теңгеге жеткен.

Осы жылы «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Ұзынағаш-Отар», «Күрті-Бурылбайтал» автокөлік жолдарының құрылысы басталып, соның нәтижесінде өңірдің транзиттік әлеуеті бұрынғыдан да арта түспек.

Жалпы Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 9334 шақырым болса, соның 6788 шақырымы – жергілікті маңыздағы жолдар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 807
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 629
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 506
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 516