Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
2974 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:39

Ислам партиясының мүшесі Шарифов Түркиядан өз еркімен Тәжікстанға оралған

Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңғыруы партиясының белсенді мүшесінің бірі Нуъмонджон Шарифов Түркиядан отанына өз еркімен оралғанын мәлімдеді.

«Мен қазір Душанбедемін, жеке құжаттарымды рәсімдеп жатырмын. Ертең Исфараға барамын, бір аптадан соң Стамбұлға қайтамын», - деді ол.

Human Rights Vision Foundation халықаралық құқық қорғау ұйымы 19 ақпанда Нуъмонджон Шарифовтың Стамбұлда ұсталып, Тәжікстанға жеткізілгенін мәлімдеген.

Бірақ Шарифовтың өзі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды дейді.

«Әуежайда төлқұжат тексеру кезінде (Стамбұл әуежайында) шекарашылар төлқұжатымды алып, мені өздерімен бірге алып кетті. Бірақ кейін өздері мені Стамбұл - Душанбе рейсіне отырғызды. Мен елдемін, бостандықтамын», - дейді Ислам партиясының мүшесі.

Нуъмонджон Шарифов елінде өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын теріске шығарады. Осының алдында халықаралық ұйымдар Тәжікстанда оған қарсы конституциялық құрылымды күштеп өзгертпек болды деген айыптар тағылғанын мәлімдеген.

Шарифов 2015 жылдың қыркүйек айында қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың әскери бүлік жасамақ болған әрекетінен кейін елден қашып кеткен.

Abai.kz

0 пікір