Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 18042 6 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 10:08

Бақ деген алдымен адамның аяғына ілінеді...

«Бақ деген алдымен адамның аяғына ілінеді. Оны көтере алмаған қиыс кетіп, жүрісінен жаңылады. Ал көтере алса, бақ өрлеп белге келеді. Белге жеткен бақты көтере алмаған не ұрпақсыз қалады, не өзінен тараған тұқымына кесірі тиеді. Көтере алса, бақ өрлеп кеудеге келеді. Кеудеге келген бақты көтере алмағанның кеудесінде нан піседі. Өзгеден өзін артық санап, менмен болады. Мұндай адамнан бақ кетіп қалады. Егер кеудеге келген бақты көтере алса, ол өрлеп ауызға келеді. Ондайда айтқанын ел тыңдайды. Аузындағыны ұстағанның бағы енді көзге келеді. Оны көтере алмаса, көзін шел басып, бар мен жоқты, жақсы мен жаманды айыра алмайтын жағдайға жетеді. Көздегі бақты көтере алса, бақ өрлеп басқа орнайды. Бұл – кетпес бақ. Басына бақ орнаған адам – дана адам. Өйткені аяққа ілінген бақты жоғалтпай, басына шығару – тек ақылдының ісі...», – деген екен, бір кейуана тарихта ұлылардың, менің ұғымымдағы ірілердің тізімін толықтырған Дінмұхаммед Ахметұлына.

Қазақ «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін!» деп бата береді. Құдай әсілі әр пендесіне бақ береді, несібесі ғой. Ал сол бақты ұстап қалу, басқа өрлету үшін де ақыл керек екен. Ал, ақыл қайдан?...

Айдана Шотбайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

 

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 700
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 502
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 425
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 438