Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4778 7 пікір 24 Қаңтар, 2018 сағат 13:57

Қазақ, Ленин һәм түлкі

Бірде Ленинді серіктері аңға алып шығыпты. Барлығы қаумалап жүріп, бір өрттей түлкіні алдына қайырып əкелген ғой. Бірақ Ленин мылтығын кезенбестен түлкіні көзімен ұзатып салыпты. Бұлаң еткен қызыл түлкі орман ішіне кіріп жоқ болыпты. Алқына жеткендер: - Неге атпадыңыз, Владимир Ильич, - десіп өкінішпен шуласып жатса, Ленин түлкі кеткен жаққа қарап тұрып, - Қандай əдемі түлкі, - деген екен. Мына түлкі де Ленин айтқандай қандай əдемі түлкі! Бейшара адамнан қорықпай, дұрысы жауыздық күтпей, қара тұтып жақын келді. Бірақ аяныш мейірімі жоқ мына жауыз қазақ мілитсаның дубинкасымен ұрып алды. Өркенді, мəдениетті жұрттың балалары болса өйтпес еді, шыртылдатып фотаға түсіріп алып қоя берер еді. Біздің жұрт ешқашан өйтпейді. Қазаққа салсаң, өзінен басқа жан иесінің тірі жүруге хақысы жоқ. Жеуге жарайтынын атып жығып, өңешінен өткізгенше асығады. Жеуге жарамайтынын өстіп өлтіріп қызықтайды. Біздің жауыз боп кеткеніміз соншалық, жаны шықпай жанталасқан аңның қиналған сəтін қызықтап лəззат аламыз. Жүрегімізден де, жүзімізден де мейірім қашқан əбден нойыс жұрт болып бара жатырмыз. Мұның соңы не болады? Қайырын берсін.

Ерлан Төлеутайдың Фейсбуктегі жазбасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 814
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 627
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 680