Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 3277 1 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 12:03

Ғарыштың жағдайын кім ойлайды?

Көрші үйлердің бірінде бір зейнеткер тұрады. Кезінде бастан жарақат алған деп естігем... Алайда, ешкімге зияны жоқ адам. Тек, анда-санда тоқтатып, темекі сұрайды, әңгімесін айтады...
Бүгінгісі қызық әңгіме болды:
- Ғарышта 8,5 млрд жұлдыз бар екен. Соның жағдайын кім ойлайды? Ол жаққа кім ұшып барады? Қазір бір шақырымға бір мың доллар сұрап тұр дейді. Ондай ақша қайда? Тиын санап отырмыз... - деді
- Дұрыс екен, - дедім, - оны біз ойламасақ кім ойлауы тиіс! Аналар жолға тым қымбат сұрап тұр екен. Айтайық үкіметке, президентке... Бір шешім шығарар. Біз айтпасақ - ешкім ойлайтын емес, жүдә! - дедім...

Жүзтанысым темекісін тұтатып алып, риза кейіппен әрі кетті...
"Мынаның сөзінде бір шындық бар ей!"- деп, мен де жөніммен кеттім.

Әбдрашит Бәкірұлы

Abai.kz

1 пікір