Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3424 0 пікір 26 Желтоқсан, 2010 сағат 06:02

Бекболат Тілеухан, депутат. Қазақстанның қадірлі Туынан дорба тігіп, қоқыс тасып жүр

Сәрсенбі күнгі Парламент мәжілісінде  депутат Бекболат Тілеухан Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министріне қос сауалнама жолдады. Тақырып - тоза қалса қоқыс дорбасына айналған Көкбайрағымыз және «Дарвинизмнің» тозығы жеткен іліміне тоқтау салу болды.

«Осылай кете берсе ертең Туың

Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?!»

«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Ту - кез келген мемлекеттің айбыны, елдігінің белгісі, тәуелсіздігінің бейнесі болған рәміз. «Ту құлау», «Байрағы жығылу» деген ұғым - ел үшін аса ауыр есептелетін құбылыс. Екі ел соғысқан кезде жеңістің белгісі - жаудың туын жығып, өз туын тігу. Өзі қансырап өліп бара жатса да, туын жықпай тістеніп өлген тарихта қаншама ерлер болған.

Сәрсенбі күнгі Парламент мәжілісінде  депутат Бекболат Тілеухан Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министріне қос сауалнама жолдады. Тақырып - тоза қалса қоқыс дорбасына айналған Көкбайрағымыз және «Дарвинизмнің» тозығы жеткен іліміне тоқтау салу болды.

«Осылай кете берсе ертең Туың

Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?!»

«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Ту - кез келген мемлекеттің айбыны, елдігінің белгісі, тәуелсіздігінің бейнесі болған рәміз. «Ту құлау», «Байрағы жығылу» деген ұғым - ел үшін аса ауыр есептелетін құбылыс. Екі ел соғысқан кезде жеңістің белгісі - жаудың туын жығып, өз туын тігу. Өзі қансырап өліп бара жатса да, туын жықпай тістеніп өлген тарихта қаншама ерлер болған.

Біз кешегі Рейхстагқа ту тіккен Рақымжанның ұрпақтары едік. Намысшыл едік. Арлы едік. Ал, бүгін Тәуелсіздік тойының Жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалуы менің әріптестерімді ғана емес, барлық ақпарат құралдарының, елдің біраз наразылығын тудырғанын білесіздер. Біз осылай ренжіп жүрген кезде, тағы бір сорақылықтың көкесі Талдықорғанда болды. Шаһардың қалабезендірушілері мен көше тазалаушылары Жаңа жыл қарсаңында қарбаласқандығы сондай, Туға сүрініп жүгіріп жүр. Кәдімгі Ақорданың айбынын асқақататып тұрған, Қазақстанның қадірлі Туынан дорба тігіп, қоқыс тасып жүр. (14-желтоқсанда «Жетісу» газетінің сейсенбілік нөмірінде жазды. Суреті «Намыс.kz» сайтында жарияланды. 20.12.2010 ж.)

Мұны істеп жүргендер «Жигули» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері. Орталық алаңдағы шыршаны сәндейтін ойыншықтарды да осы қапқа салып сүйреп жүрген серіктестіктің безендіру бойынша қызметкері Светлана Друзина мен көгалдандыру бойынша жұмыскері Галина Краскова «Бұл ту ескіріп қалған екен, сондықтан бір іске жарап кетсін деп пайдаланып жатырмыз» дегеніне не деуге болады.

«Намыс.kz» сайтында жарияланған мақала соңындағы форумға қарасаңыздар, елдің наразылығынан туған мынандай өлең жолдары бар:

«Бабамның тіккен Туы Ордасына,

Айналды Аяз ата дорбасына!

Осылай кете берсе ертең туың

Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?! -  деп зарлайды.

Тәуелсіз елдің байрағын, қыран қалықтаған - көк туымды біресе дамбал, біресе дорба қылған зымиян әрекеттерге тоқтау салатын нақты тетік табудың уақыты әбден жеткен секілді!»

Оқушылар қай сөзімізге сенбек?

Бүгінгі таңдағы мектептердегі оқу бағдарламаларындағы қайшылықтар сауалымызға өзек болып отыр. Бұл мәселеге назар аудару қажеттілігінің уақыты жеткен секілді. Айтқалы отырған мәселеміз - дарвиндік теорияның әлі де оқу бағдарламасында салтанат құруы. Әлемге үлгі болған АҚШ секілді мемлекеттің өзі  1935 жылдан бастап дарвинизмді ұсынуды заңмен  тыйған болатын. Жалпы, дарвинизмнің  ғылыми факт ретінде танылуының негізгі себебі - Маркстік-лениндік философияны (МЛФ) ұлықтау қажеттілігінен туындаған Советтік идеологияның талабы болатын. Ал, бүгін МЛФ келмеске кетті.

Сондай-ақ, дінтану пәнінің Қазақстан мектептерінде беріле бастауы - дарвиндік теорияға мүлдем керағар.

Жаратылыстану, тарих секілді пәндерден маймылдан тарап, енді келесі пәнде құдай жаратты деп дәріс алған бала қай сөзімізге сенбек?!

Ұрпақты өтірікке тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталмақ па?!

Ғылыми шындық, ілімдегі әділеттілік қашан салтанат құрмақ?

«Балаларымызды қай бағытқа бейімдейміз?!» деген сынды сайлаушыларымыздың сансыз сауалына нақты жауап беретін уақыт келді. Осындай уақыт күттірмейтін маңызды мәселеге айрықша назар аударып, шешуімізді өтінген сайлаушыларымыздың талабын жеткіземін.»

«Namys.kz» сайты

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670