Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2315 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 04:31

Көлік қозғалысының қарқыны мен кептемелер Алматы көшелерін қардан тазарту жұмысын қиындатуда – маман

Алматы. 22 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматыда толастамай жауған қар мен қала көшелеріндегі көлік қозғалысының қарқыны және кептемелер тез арада көшелерді тазартуға кедергісін келтіріп отыр, деп ҚазТАГ-қа қаланың табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастық орынбасары Марат Кесікбаев мәлім етті.

«Біз үшін қазір негізгі проблема - толассыз жауған қар, көшені тарылтып, көше бойында қойылған көліктер, көлік қозғалысының қарқындылығы», - деп налынды М. Кесікбаев.

«Қар түнгі 3:00-де жауа бастады. Ал 5:00-ден бастап біз қар жинаудың бірнеше кезеңмен іске асырылатын қолданыстағы технологиялары бойынша көшелерге тұз аралас қоспаларды (арнайы реагент - ҚазТАГ) себе бастадық. Қарды жинау оған қоспа себілген соң белгілі сағаттан кейін,  ҚНЖЕ-ге сай 2-3 сағаттан соң қар 3 см-ге жатқанда, реагент қармен химиялық әрекетке түскенде жинала бастауы керек. Тек содан соң ғана қарды жол шетіне жинау басталады. Өйтпесе жолда мұздақтар пайда болып ол кейін көшелерді жинауды қиындатады», - деп түсіндірді М. Кесікбаев.

Оның айтуынша, Алматының басты көшелеріне арнайы реагенттерді себу екі рет, ал кей жерлерінде үш рет жүргізілді.

Таңертең Алматыдағы қар қалыңдығы 12 см болып, ал Медеуде 25 см болғандығын айтқан бастық орынбасары қарды жинау сағат 11:00-ден басталғанын айтты. «Мүмкін жерлерден қар жинау басталды... Негізінен батыс-шығыс бағытында. Және қазір солтүстік-оңтүстік бағыттағы көшелерде көліктер тығылмас үшін реагент себу жүргізілуде», - деді ол.

«Қазір барлық қызмет тәулік бойғы режимде жұмыс істеуде. Таңертеңге дейін бәрін жинайтын шығармыз деп үміттенем, бірақ оның барлығы ауа райына байланысты болады. Егер қар тоқтаса көшелерді тазартуды 5-6 сағатта бітірмекшіміз. Бірақ қарды сыртқа шығару әлі 2-3 күнге жалғасады», - деді М. Кесікбаев.

Оның мәліметтерінше Алматыдағы көшелерді тазартуға 300 дана техника мен 10 мекемеден шамамен 600 маман жұмылдырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 782
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 590
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 500