Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2365 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 12:44

Аялдар Күнтуған. Мәсімов мәреден озды

Осы біздің сауалнамашыларға таң қалмау мүмкін емес. Жыл сайын осы мезгілде әр саланың «жыл үздіктерін» анықтап жатады. Мұндайда әрине аздың көпке уәкілдік ететінін ескеру керек... Кеше ғана Ермек Тұрсынов «жал адамы» атанып, бәрімізді аң-таң етіп еді. Енді 2010 жылдың ең үздік саясаткерлері туралы «кесім» жасалды.

Алматыдағы Саяси шешімдер институты анықтаған сан-сала бойынша жүргізілген сауалнама бойынша саясаткер ретінде «бас бәйгені» Премьер-министр Кәрім Мәсімов иеленді. Бақандай 23,8 пайыз! Қандай ұтқыр шешімі, алғадай абыройы үшін бұлай болғанын, сауалнамаға қай тараптың, қай топтың өкілдері қатысқанын кім білсін?..

Әйтеуір, биылғы жылы Мәсімовтың иірген сақасы алшысынан тұруда. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті» орденімен марапатталғандағы егіле сөйлегені өткенде ғана еді. Бүгіндері марқайып, қою қара мұртын «көкке шаншып» отырған шығар. Бізде осы «еңбек дамалысына», яки, «орнын ауыстырарда» ат мінгізіп, шапан жауатын әдетіміз еді. Бұл да соның бір көрініс болуы мүмкін дейді сары тісті сарапшылар.

Сол сауалнамаға сенсек, екінші орынды Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бөктерсе, одан кейінгі орынға Қанат Саудабаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев жайғасқан. Тасмағамбетовтың «тастай» қимылдары қашанда елдің көзіне тез ілігетіні анық. Оның жолдарын бас қаланың әкімі әбден меңгерген. Ал Саудабаевты ЕҚЫҰ-дағы жыл бойы «күндіз-түні бір тынбай» еткен «саудасы» үшін бағаладық делік, ал Қасекеңнің Сенат қабырғасындағы белгісіз қимылдарының қайсысы халыққа ұнағанын қайдан білейік. Бір таңғаларлығы, алғашқы он тоғыз адамның қатарына Мұхтар Шаханов, Жармахан Тұяқбаевтардың да ілігуі... Институт мамандарының айтуынша, бұл сауалнамаға Президент есімі қатыстырылмаған. Себебі, ол кісінің «шаппай бәйге алатыны» айдан анық. Бірақ, өткендегі бір сауалнамаларында институт президенттің өзін төмендетіп жіберіп, қайтадан «есін» жиған.

Кейбір сарапшылар аталған институт мұртты мырзаға бағынышты мекеме дегенді де айтып қалады. Соған қарағанда, Мәсімовтің оқ бойы озып шығатын жөні бар-ау шамасы...

Айта кетерлігі, қазақстандықтардың 41 пайызы өмір сүру жақсарғанын атаса, 39 пайызы «ештеңенің» өзгермегенін көлденең тартқан. Халықтың 13 пайызға жуығы  бұл сауалға жауап бермей, қалыс қалған... «Үнсіздік - қарсылықтың ең үлкені». Демек, арғы жағын өзіңіз шамалай беріңіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 970
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 829
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 635
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 700