Сенбі, 4 Мамыр 2024
3781 1 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 10:49

Түркімен билігі мемлекеттік қызметкерлерді қысқартып жатыр

?????????????

Түркіменстан билігі мемлекеттік мекемелердің, соның ішінде құқыққорғау органы қызметкерлерін қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлады Азатлык радиосының дереккөзі.

"2018 жылы қаңтарда Лебап облысында полицияның шамамен 1000 қызметкерін қысқартады. Қалған мекемелерде де қысқарту болады. Бұған қоса, барлық зейнеткерлер міндетті түрде қызметтен босатылады немесе жарты ставкаға жұмыс істеуге келісім береді", - деді Лебап облысындағы дереккөз.

Бұның алдында "Хроника Туркменистана" басылымы елдегі мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің 30 пайызы жаңа жылдан бастап қысқарады деп хабарлаған.

Басылым мәліметіне қарағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдар мен мекемелерге, соның ішінде мұнай және газ саласына штат санын 30 пайызға қысқарту туралы жоғарыдан бұйрық түскен. Қысқарту 1 желтоқсанға немесе 1 қаңтарға дейін жүргізілуі тиіс. Орта мектептер ғана қысқартуға ұшырамайды. Бірақ мектеп директорларына зейнеткер жасындағыларды қысқарту туралы бұйрық берілген.

Қараша айының ортасында мұнай және газ, су шаруашылығы қызметкерлері қысқартылған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 878
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 659
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 739