Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3378 0 пікір 5 Қараша, 2017 сағат 17:45

«Текті сөздің төресі – терме» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» байқауы мәресіне жетті,-деп жазады "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқау Сәтбаев қаласында өтті.

Республикалық байқауда Астана, Алматы қалалары мен 14 аймақтың жыр дүлділдері бақ сынады. Текті өнердің насихатшылары байқау барысында ел бірлігі мен Алаш үшін айтулы оқиға Алашорданың 100 жылдығын жырға қосты. Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңіліндегін дөп басты.

Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман (төраға), Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенова, жырау, жыршы Мұқаш Қожахметов және Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі Амандық Көмеков бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені атыраулық Гүлдана Тайырова иемденді. Ал бірінші орын Шынболат Ділдебаевтың «Шыңырауда шыңдалумен келемін...» термесін нақышына келтіріп орындаған Айнұр Қонысбаеваға бұйырды. Жүлделі екінші орынды Сыр мектебінің түлегі Марат Сүгірбай еншілесе, үшінші орынды Маңғыстаудың марғасқасы Темірбек Асқамбаев пен павлодарлық Талғат Бланкин өзара бөлісті.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды. Ал барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар ұсынылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 712
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 458