Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 22:36

Интернетте есірткі сатқандардың жолы кесілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері есірткінің онлайн саудасын жүзеге асырып келген ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерін құрықтады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерден белгілі болды.

«2017 жылғы 26-27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің киберқауіпсіздік, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес және арнайы жасақ бөлімшелерінің бірлескен күшімен Астана және Алматы қалаларында ҰҚК кибер бөлімшелерінің қатысуымен «Dark net, Deep web» ғаламтор-желілерінің көлеңкелі сегментінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, есірткі құралдары мен психотроптық/синтетикалық заттарды таратумен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған кең ауқымды арнайы операция өткізілді»,-делінген ҰҚК-нің баспасөз мәліметтерінде.

Онда сондай-ақ жабық вэб-кеңістікті мониторингілеу барысында сатып алушылармен онлайн-режимде есірткі құралдары және психотроптық заттар сатып алынып отырған жекелеген ғаламтор-дүкендері анықталғандығы айтылған.

«QIWI-кошелектерге» ақша қаражаттарын аудару жолымен есірткі заттарына төлемдер алғаннан кейін, сайт әкімшілері есірткі сатып алушыларға тыйым салынған заттардың жасырын орындарын хабарлап отырған.

Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы және Ақтөбе қалаларында осыған ұқсас жолмен есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратумен айналысқан оңтүстік астананың екі тұрғыны анықталған.

«2017 жылғы 3 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсетілген тұлғаларды Алматы қаласында ұстады. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде барлығы 12 есірткі сатушының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді. Сонымен бірге жоғарыда аталған сайттарды есірткі заттарын алу үшін пайдаланған адамдарды анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 510
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 264
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 288
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 287