Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2123 0 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 20:29

Шылымқорлар бюджетке қыруар қаржы төлейді

Қарағанды ​​облысында темекі тартуға салынған тыйымды бұзған шылымқорларлардың арқасында бюждет 44 миллионнан астам теңгеге толықты.

Бұл туралы Қарағанды ​​облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері Қарағанды ​​облысында белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 8077 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Негізі, адамдар үйдің дәліздерінде, жаппай демалыс орындарында және мемлекеттік ұйымдарда темекі шегіп, жиі заң бұзады.

Мәселен, жаппай демалыс орындарында — театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, мұражайлар, кітапханалар және тағы басқа орындарда темекі шеккені үшін облыстың 934 тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік ұйымдарда темекі шеккені үшін — 885 адам, оқу орындарында — 928 адам, құқық бұзушылардың басым бөлігі үй дәліздерінде темекі шегуді ұнататындар құрайды- 5280 адам.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін айыппұл 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды (1 АЕК — 2269 теңге), яғни 6807 теңге. Егер бұзушылық қайталанса, айыппұл 6 айлық есептік көрсеткішке өсіп, 13 614 теңгені құрайды.

Тақырыпқа тұздық болсын, Қазір темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесі Орталық Азия елдерінде әртүрлі. 1 мың  темекіге ол Қазақстанда 8,5 долларды құрайды. Қырғызстанда  3,2 пайыздық акциздік мөлшерлемеден басқа  бөлшек бағаның 7 пайызы көлемінде алым алынады. Ал  Тәжікстанда ол  1 долларды құраса,  Өзбекстанда жергілікті өнімде  6  пайыз, импорттық өнімде 13 пайыз көлемінде белгіленген.  2005 жылғы дерек бойынша ең төменгі акциздік мөлшерлеме   1 мың дана темекіге Ұлыбританияда - 264, Францияда - 181, Германияда -  162, Италияда - 109, АҚШ-та - 108, Болгарияда - 100, Румынияда - 90, Түркияда -  88, Литвада - 86, Жапонияда - 72 долларды құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзге елдерге бөлшек саудада оны   70 долларға жеткізуді ұсынып отыр.

Қазір әлемде жыл сайын 70 миллиард доллардың темекі өнімдері сатылатынын ескерсек, нарықтағы заңсыз өнімнің үлесі айтарлықтай екенін аңғаруға болады. Бүгінгі таңда ол Еуропалық Одақтың  бірқатар елдерінде 40 пайызды, ал Қазақстанда 2 пайызды құрайды.  1 мың дана темекіге де ТМД  елдері оның мөлшерлемесін  70 долларға көтерген жағдайда оған жұмсалатын жеке табыстың үлесі   2015 жылы  Ресейде 1,4 пайыз;  Қазақстанда 1,7 пайыз,  Беларусте    2,5 пайыз, Әзірбайжанда   3,1 пайыз,  Украинада  3  пайызды құрауы  мүмкін. Сарапшылардың пайымдауынша,  1-1,7 пайыз аралығы қауіпті, ал одан жоғары болса қатерлі деп саналады. Өйткені әлемдік тәжірибеде шығын көлемі артқан сайын   заңсыз өнімді тұтыну деңгейі өсе түсетінін көрсетіп отыр. Мәселен ЕуроОдақта 2010 жылы оның деңгейі  Литвада - 42,5,  Латвияда - 42, Болгарияда - 32, Эстонияда - 18, Польшада -10,2, Венгрияда - 5 пайызды құраған.

Abai.kz

0 пікір