Жұма, 3 Мамыр 2024
3121 1 пікір 22 Қараша, 2017 сағат 08:50

Ташкент психиатриясынан қашып кеткен үшінші науқас ұсталды

Өзбекстан астанасының милициясы республикалық психиатрялық ауруханасынан қашып шыққан үш науқастың үшіншісін қолға түсірді.

Ташкент ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 33 жастағы Шеркул Омонов 21 қарашада «Абу Сахий» көтерме базар аумағында қолға түскен.

Ұрлық жасағаны үшін айыпты деп танылып, сот шешімімен тоғыз айдан бері психиатриялық ауруханада жатқан Омонов тағы екі қылмыскермен бірге 20 қарашада қашып кеткен еді.

Оны ұстау кезінде науқас қарсылық көрсеткен.

Еске салайық, бір күн бұрын милияция қызметкерлері ауруханадан қашқан үшеудің екеуін қолға түсірді.

Үшеуі де психитариялық ауруханаға қайтарылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 818
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 652
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 530