Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3684 0 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 09:05

Онлайн семинар-тренинг озық тәжірибені ортаға салады

 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында  «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды  іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинар-тренингін өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпараттық агенттігі.

Семинар-тренингтің  мақсаты – Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені   зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу болып табылады. Семинар-трениниг ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 303 кабинетінде сағат 9:30-да басталады.

 Семинар-тренингке  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары қатысады.

Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерін ортаға салады. Сондай-ақ, тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 740877, 408367, 87470311632

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 763
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 476
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 484