Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3667 0 пікір 8 Қазан, 2017 сағат 13:20

Ілеспе аударма жүргізуден шеберлік кластары өтеді

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым  мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік класын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді. Шеберлік сабақтарына ғалым аудармашылар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық  тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады. Шеберлік сабақтары қазан айының 10-ы күні Астана қаласында  Тұран 18 Бизнес орталығында сағат 15:00-де басталады.

 

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс);  87016752660

 

Абай-ақпарат

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 812
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 641
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 509
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 521