Жұма, 3 Мамыр 2024
3248 1 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 09:02

Оралда 14 жастағы бала құрдасын аңшы қаруымен атып өлтірген

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында 14 жастағы оқушы сыныптасын аңшы мылтығынан абайсызда атып өлтірген деп хабарлады Tengrinews сайты.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, оқиға жұма күні сағат 17:00 шамасында болған.

"Орал қаласында тұратын 2003 жылы туған кәмелет жасына толмаған жасөспірім Деркул кентіндегі тоғанның жанында аңшы мылтығынан 2003 жылы туған кәмелетке жасы жетпеген баланы абайсызда атқан. Кеудесіне бытыра тиіп жараланған әлгі бала облыстық ауруханада қайтыс болған", - деп хабарлады полиция өкілі.

Мектеп ұжымының екі жасөспірімге де "жақсы оқушы" деген мінездеме бергені хабарланды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 646
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 511
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 526