Жұма, 3 Мамыр 2024
Алаң 3435 1 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 03:23

Ықтиярхат дауы. Мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін іс

ҚХР-дан оралып, Жамбыл облысы, Тараз қалалық Көші-қон полициясынан ықтиярхат алған 251 этникалық қазақ туралы ыңғайсыз ақпарат таралғалы  біраз уақыт болды.

Көші-қон заңнамасы түзеліп, кедергілер алынып, қазақ көші енді қарқын алады деп тұрғанымызда, мынадай жағдайдың жүз беруі – өте өкінішті.

Бұл - бір сөзбен айтқанда, мыңдаған қандастарымыздың тағдырына балта шабатын, мемлекеттің беделіне нұқсан жеткізетін іс.

Олар тұрақты тіркеуге тұрып, ықтиярхат алған 2014-2015 жылдар – Қазақ көшінің ең бір тоқырауға ұшыраған, Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың қол жетпес шыңға айналған, тұрақты тіркеуге тұруда кедергілердің көбейген тұсы екенін бүкіл ел бүгін жақсы біледі.

Шеттен келген әр қазақтың ең басты арманы – Қасиетті Қазақстан топырағында қалу. Сол үшін қандастарымыз қалай да тарихи отанында табан тіреп қалудың қамында болғанын, сол үшін осындай қадамға барғанын дұрыс түсінуіміз керек.

Құдайға тәубе, Қазақ көшін бұл шыңыраудан суырып алып, жарық әлемге қайта шығарған, өз арнасына салған Ұлт Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қазіргі таңда бұл азаматтар құжатсыз сенделіп қалғаны болмаса, Қазақ Еліне сіңіп, түрлі кәсіппен айналысып, өмірге ұрпақ әкеліп, өніп-өсіп жатқан жағдайы бар. Көбі кәсіпкерлікпен айналысып, жұмыс көзін ашып отыр. Мемлекетке салық төлеуде. Қысқасы, елімізге қылдай ауыртпалық түсіріп отырған жоқ.

«Отандас-Ел» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Ішкі істер министрлігінен бұл мәселенің оң бағытта шешуді үміт етеді. Соңғы рет өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының аясында бұл азаматтарды қайта бастан толық құжаттандыруға мүмкіндік бар екенін ескертеді. Сонымен бірге, бұл түйінді шешуде құқық қорғау органдары, ең алдымен, Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1994 жылғы 16 ақпанда ратификацияланып қол қойылған 1989 жылғы 20 қарашадағы «Бала құқықтары туралы» халықаралық Конвенцияны қатаң ескеруі керек деп есептейді.

«Отандас-Ел» республикалық қоғамдық бірлестігі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 912
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 764
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 594
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 608