Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4144 0 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 11:13

"Алаш жолы" қозғалысының филиалы Алматыда ашылды

"Алаш жолы" Республикалық қозғалысының белсенділері Алматыда бас қосты, жиын өткізді. Аталған ұйымның Алматыдағы филиалын құрды. Филиал тізгінін Ғ.Мүсірепов қорының президенті Ғабиден Жәкей ұстады.

Жалпы "Алаш жолы" қозғалысы төңірегіндегі дау әлі саябырсыған жоқ. Әлеуметтік желіде аталған ұйымның құрылуына күмән келтіргендер жоқ емес.

"Алаш жолы" Республикалық қозғалысын құру  туралы бастама 2016 жылы көтерілген еді. Қазір ресми тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Дейтұрғанмен, өткенде ғана Астанада "Алаш жолы" қозғалысының бөлімшесі ашылып, оның тізгінін Еділ Мәкен ұстаған еді.

Abai.kz

0 пікір