Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4352 0 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 08:50

"Қытайдағы баклан" немесе шабаққа мәз қазақ

Қытайдың суық аймақтарында балықшылар балықты "баклан" деген құспен аулайды. Бакланның аяғына арқан байлап, тамағын балық өтпестей жіппен қысып қояды.

Көлге келген сәтте әлгі балықшылар бакландарын суға жібереді. Олар су түбінен қуып жүріп балық ұстап, жағаға шығады. Мәз болып балықты жұтайын десе, тамағынан өтпейді. Балықшы бакланның аузынан балықты тартып алады да, құсты суға қайта жібереді. Жаңағы жайт осылайша оншақты мәрте қайталанады. Кешкісін балық аулау науқаны біткенде, балықшылар бакландардың тамағындағы жіпті шешіп, әрбіреуіне бір-бір шабақтан береді. Күні бойы ондаған балық ұстаған баклан бір шабаққа мәз болып қалады.

Ертесіне бұл оқиға дәл осы сценариймен қайталанады.

ПыСы: Кейде біздің елдің экономикасы маған тура осы баклан құсын елестетеді. Жүздеген ресурсты өндірсек те шеттегі балықшыларға сазанын беріп, шабағын алғанға мәзбіз.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 779
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 602
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 620