Жұма, 3 Мамыр 2024
4220 2 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 09:02

Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді.

Осыған орай, бар өмірін қазақ әдебиеті сынын зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған білгір ғалым, ұлағатты ұстаз Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында шағын футболдан турнир ұйымдастырудағы мақсатымыз – дүниенің төрт бұрышында жүрген қазақ жастарының өзара жақын қарым-қатынас орнатуына үлес қосу және олардың туған отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілігін еселей түсу.

Жүлде қоры 2 млн теңге болатын турнирге Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Монғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз және еліміздің әр облысынан қазақ жастары қатысады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 327
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 343