Сенбі, 4 Мамыр 2024
Рухани жаңғыру 2688 0 пікір 12 Тамыз, 2017 сағат 15:43

 Рухани жаңғырып, Батысқа барар жолда...

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты пікірімді мына бір шағын естелікпен байланыстыра айтсам деймін. Бұл естелік біздің әулеттің ғана емес, тұтас бір ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртатын жайт болуы мүмкін.

2013 жылы қолыма біздің отбасымыз 70 жыл бойы іздеген атамыздың құжаттары түсті. Сол құжаттардың арасында атам өз зайыбына, яғни менің әжеме жазған хаттары болды. Бұл хаттар латын қарпімен жазылған екен. Атамның хаттарын қолыма ептеп толқып әрі қорқыңқырап алдым. Латын қаріпі болса да оқуға тырыстым. Байқап қарасам, ешқандай қиындығы жоқ. Латын қарпі ашық дүниеге, Батыс елдеріне жол ашып отыр, одан қорқатын ештеңе жоқ екен. Ал, біз таяу болашақта латын қаріпіне біржола көшеміз. Солай боларын Елбасымызы да мықтап ескертті. Былай деп:

«Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.

VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.

V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.

Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.

Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз».

Мақалада ұлтты ұйыстыратын тағы бір ұсыныс – «Туған жер» бағдарламасы. Мұнда нағыз патриоттық тәрбиенің рухы сезілуде. Есесіне рухани жаңғыру үшін алдағы кезеңде гуманитарлық ғылымдарды жандандыру көзделуде. «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз, -деді Елбасы аталған мақаласында. –  2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқытуды бастауға тиіспіз. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн».

Бағдарламалық мақала жазылды, мақаладағы тезистік ойларды нақты іс жүзіне асыратын тетіктер Үкіметтік деңгейде талқыланып, шешімдер қабылданды. Енді оның нәтижеге ұласып, ел мерейін асыратын күні де алыс емес. «Рухани жаңғыру» - бұл алдыға қойып, атқарылуын күтіп қана отырған бағдарлама емес, бұл – заманауи қоғамымыздың көгіндегі Темірқазық жұлдызы дер едім мен.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755