Жұма, 3 Мамыр 2024
Деп жатыр 6633 3 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 14:25

Жанқош Тұраров. Әлем чемпионы боламын

Қазақстан боксшыларының ең жеңімпаз сайыскерлер екенін қазір бүкіл әлем мойындады. Солардың арасында Жанқош Тұраровтың есімі де ерекше аталады, атағы да өзгелерден шоқтығы биік тұр. Өйткені ол – жеңіліп көрмеген боксшы.

Шаршы алаңға шыққаннан кейін әлемде үздік атануды армандамайтын спортшы жоқ. Жанқош та балалық шағынан өз алдына осындай асқақ міндет қойған екен. Қазір ол сол биік арманына жету үшін тер төгіп жүр және «Мен Әлем чемпионы боламын!» деген уәдесін орындаудың алдында тұр. Таяуда отандық сайттардың біріне берген сұхбатында ол «Арманыма жетуге сәл ғана қалды» деп ашығын айтқан болатын.

Кәсіби рингтегі ең есте қаларлықтай жекпе-жегін Отанымызда, «Алматы-Арена» спорт сарайында өткізгенін ол мақтанышпен еске алады. «18 мыңға жуық жанкүйерлер жиналды. Бәрі де «Жанқош – жеңімпаз» деп бір адамдай ұрандағандағы толғанысымды, ішкі жан-дүниемнің аударылып түскенін сөзбен жеткізе алмаймын. Мұның қандай бақыт екенін білсеңіз» ғой деп, ағынан жарылады ол.

Жанқош Қазақстанда спорттың дамуына Елбасы зор қолдау көрсетіп отырғанын атап көрсетті, «сол үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа мың да бір алғыс айтамын» деді атақты боксшы. Сондай-ақ, «Мемлекетіміз басшысының осындай саясаты арқасында ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазақстандық спортты және боксты да одан әрі дамыту мақсатында болашағы зор бағдарламаларды жүзеге асыруда» дейді ол.

– Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі министр болып жұмыс істеп жатқан кезең аралығында қазақ спортын көтеру жолында қыруар еңбек сіңірді. Әлемдік, Азия құрлығы біріншіліктерінде де біздің спортшылар өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәдениет саласында да бүкіл еліміз бойынша мәні зор, ауқымды шаралар, концерттер өткізілді. Бәрі де аса жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осының барлығы да министрдің тікелей қолдауы нәтижесінде жүзеге асуда, – дейді Жанқош Тұраров.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 601
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 348
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 353