Жұма, 3 Мамыр 2024
5029 13 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 09:24

Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен флэшмоб өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 тамыз күні жеңіл атілеттердің марафоны өтеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Кеше Астанадағы Триатлон паркінде  Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен  Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық Астана марафонына арналған флешмобы өтті.

Флешмобты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиулы бастады. Отандық спорт жұлдыздары Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов және тағы басқа танымал спортшылар флешмобтың көркін қыздырды.

Қатысушылар белгіленген межені жүгіріп өтіп, 27 тамызда өтетін жеңіл атлетикалық марафон туралы ойларымен бөлісті. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, аталған марафон ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізілетін ең ауқымды шаралардың бірі болғалы тұр.

Марфоншылар елорданың көрікті жерлерінен жүгіріп өту арқылы, Астанамызды әлем жұртшылығынаи паш етпек.  Әрине басты мақсат – ел арасында сенімді, дипломатиялық қарым-қатынасты, достықты нығайта түсу болып отыр.

Айта кетейік, 25-26 тамызда ЭКСПО-ның оңтүстік шығысында старттық сөмкеледерді табыстау рәсімі ұйымдастырылады. Оларды марафонға онлайн және оффлайн тіркелгендер ала алады.  Сөмкеде футболка, нөмір мен қатысушыға жадынама салынған. Бұдан басқа, шарада танымал марафоншылар шеберлік класстарын ұйымдастырады.

Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да өтеді.

Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 50 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар, үш түрлі қашықтықта бақтарын сынайды: 42км 195 м, 10км, және 2017 метр. Шетелден келетін қатысушылар саны 1000 адамды құрап отыр. Қазақстандық тараптан 4000 адам қатысады деп күтілуде. Марафонға қатысушылардың жалпы саны 5000 адам.

Марафонға онлайн тіркелу үстіміздегі жылдың 15-ші шілдесінде басталды. http://www.scomarathon2017.com/

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 837
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 681
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 530
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 541