Жұма, 3 Мамыр 2024
3700 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:52

Қырғызстан соты "Сентябрь" телеарнасының қызметін тоқтатты

Бішкектің Бірінші май аудандық соты "Сентябрь" телеканалының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды. Оған Ош облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Әбділда Қапаровтың тікелей эфирде сөйлеген сөздері себеп болған.

"Сот Бас прокуратураның "Сентябрь" телеарнасына шағымын қарап, 2016 жылдың 29 қыркүйегінде эфирден экстремистік пиғылдағы хабарлар кеткенін растайды. Телеарнамен қоса, www.september.kg" сайтының жұмысына да тыйым салынсын, - деп жариялады судья Жұлдыз Жұмабаева.

Әбділда Қапаров тікелей эфирден Араванда мектептің ашылуы кезінде Өзбекстан әнұранының орындалуын ұлтараздық алауыздық туғызды деп мәлімдеген. Ол эфирде 2010 жылы маусым оқиғасы кезінде тұрақтылықты сақтауға бөлінген 3 млн долларды жымқырды деп Сооронбай және Асылбек Жээнбековтерді айыптаған. Осыдан кейін Бас прокуратура бұл хабарға қатысты сотқа арыз түсірген.

Телеарна басшылығы соттың шешімімен келіспейтінін айтып, жоғары инстанцияларға шағымданатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ош облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Әбділда Қапаров Нарын қаласындағы жалпы қоныстану мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол Ош облыстық соттың шешімімен биыл 21 маусымда ағайынды Жээнбековтердің абыройына нұқсан келтірді деп айыпталып, 4 жылға сотталған.

"Сентябрь" телеарнасы "Ата мекен" партиясының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Өмірбек Текебаевқа тиесілі. Ол таяуда "Жемқорлық" бабымен 8 жылға сотталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 824
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 525
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537