Жұма, 3 Мамыр 2024
3478 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:26

Қаза тапқан қырғыз азаматтарының туыстары сот шешімімен келіспейді

Мәскеуде баспаханадан шыққан өрт кезінде қаза тапқан қырғызстандықтардың туыстары сот шешіміне қарсы шағымданбақшы. Олар кәсіпорынның жетекшілеріне "жұмсақ" жаза шығарды дейді. Қырғызстанның Ресейдегі елшіліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта адвокат қайғылы оқиға құрбандарының туыстарына өтемақы төлеу жөнінде қарсы шағым әзірлеп жатыр.

18 тамызда Мәскеудің Бутырск аудандық соты баспа директоры Сергей Москвинді өрт қауіпсіздігі ережесін бұзды деген айыппен 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Баспаның бас инженері 3,5 жылға сотталды.

2016 жылдың тамыз айында баспадан шыққан өрттен 14 қырғыз азаматы және үш ресейлік қаза тапқан. Қайтыс болғандардың бәрі әйелдер. Оның ішінде біреуінің аяғы ауыр болған.

Тергеу ісі жеті айға созылған. Осыған дейін "Печатный экспресс" баспасы мен оның бас директоры 6 млн рубль көлемінде айыппұл төлейтіні айтылған. Бірақ бұл талап әрі орындалмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 787
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 602
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 491
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 505