Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3264 0 пікір 16 Тамыз, 2017 сағат 08:36

ЕҚЫҰ: бақылаушылар Донбастан Ресей әскерін көрді

Донбастағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мониторинг миссиясы басшысының бірінші орынбасары Александр Хуг бақылаушылар Украинаның шығысында Ресей армиясын көргенін, олар әңгімелесу кезінде өздерін ресейлік сарбаздармыз деп таныстырғаны жөнінде мәлімдеді.

Ол сонымен бірге бақылаушылардың Украинаның шығысындағы жанжал аймағында ресейлік қару-жарақты байқағандарын да айтты. "Шешім шығару біздің құзырымызда емес, біз тек көргендерімізді айтамыз", – деп атап өтті Хуг.

Киев пен Батыс елдері Кремльді Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Украинаның Қарулы күші Бас штабының мәліметі бойынша, өздерін өздері жариялаған "халықтық республикалар" жағында 40 мыңға жуық сарбаз соғысып жүр. Оның ішінде 5 мыңнан астам ресейлік әскер бар. Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1750
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1722
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1442
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1366