Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Билік 4575 0 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 19:18

Қырымбек Көшербаев Артур Нығметовті марапаттады

12 маусым күні Қызылорда облысының актив отырысында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының құрмет грамотасымен марапатталды.  Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Артур Нығметов Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-саяси мәселелер мен ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  А.Нығметовке жаңа қызметте табыстар тіледі.

- Аз ғана уақыт еңбек еткеніне қарамастан Артур Сағидоллаұлын көп іс тындырып кетті десек, артық айтқандығымыз болмас. Ол жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат саласы өкілдерінің арасында жаңашыл қарым-қатынас орнатып, аймақтағы атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейде ақпараттандырылуына ерекше үлес қосты. Сыр өңірінің жергілікті атқарушы органында жемісті жұмыс жасап, ақпарат саласының нығаюына аянбай еңбек еткені үшін Артур Сағидоллаұлына шексіз алғысымды білдіремін және алдағы жұмыстарына толағай табыстар тілеймін, - деді аймақ басшысы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1775
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395