Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3499 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:36

«ЖОЛ КАРТАСЫНАН» ДА ЖЫМҚЫРЫП ҮЛГЕРІПТІ

Мемлекеттік қызметші деген мүйізі қарағайдай аты бар халықтың маңдай тіреп баратын басшылардың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкіметтің бағдарламалары мен жобаларына бөлінген қаражатты өз орнына емес, кереғар пайдаланып, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіруі сияқты жағаңды ұстатар фактілер аз кездесіп отырған жоқ бүгінде. Осыдан келіп бұқара халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға күмән келтірмей қайтсін?!

Аудандық еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасап жүріп әрі мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра М. «Жол картасы» бағдарламасы негізінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеруде қызметтік көрсеткішін жоғарылатып көрсету мақсатында өкілеттігін кереғар пайдаланған. Сөйтіп, оның бұл әрекеті мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан.

Мемлекеттік қызметші деген мүйізі қарағайдай аты бар халықтың маңдай тіреп баратын басшылардың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкіметтің бағдарламалары мен жобаларына бөлінген қаражатты өз орнына емес, кереғар пайдаланып, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіруі сияқты жағаңды ұстатар фактілер аз кездесіп отырған жоқ бүгінде. Осыдан келіп бұқара халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға күмән келтірмей қайтсін?!

Аудандық еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасап жүріп әрі мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра М. «Жол картасы» бағдарламасы негізінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеруде қызметтік көрсеткішін жоғарылатып көрсету мақсатында өкілеттігін кереғар пайдаланған. Сөйтіп, оның бұл әрекеті мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан.

Атап айтқанда, 2009 жылдың мамыр айында азамат М. «Қ» ЖШС директорымен №6,15,49 санды келісім шарттар жасақтап, аталған мекемеде тұрақты жұмыс орнында жүрген жұмысшыларды формальды түрде босатқызып, оларды өзі басқарып отырған бөлімге жұмыссыз ретінде тіркеп, «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес жұмыс күші ретінде сол өздері жасап жатқан мекемеге әлеуметтік жұмыс орнына жолдаған. Осы негізбен жолданған 38 «қоғамдық қызметкерлерге» төлеу үшін 2009 жылдың маусым айы мен желтоқсан айлары аралығында 2 358 183,74 теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын аударған.

Бұдан басқа М. 2009 жылдың мамыр айында «Жол картасы» әлеуметтік бағдарламасын жалған іске асыру және «әлеуметтік жұмыс орындары» бойынша бөлінген бюджет қаражатын игеру барысында өз қызметтік өкілеттігін теріс пайдалана отырып, «А-С» ЖШС директоры А-мен №2,10,40 санды келісімшарттарға отырып, аталған мекемеде тұрақты қызмет атқарып жүрген жұмысшыларды «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына жолдаған. Сөйтіп, «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 29 жұмысшыны «А-С» ЖШС-не жолдамамен жіберілген қылып, 1 350 000 теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын аударып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Сотталушы болса, сотта өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның айтуынша, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мемлекеттен әлеуметтік нысаналы топтарға 18 млн. 185 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Осы бағдарламаны орындау барысында ол мекемелермен келісімшарт жасау жөнінде бұйрық шығарыпты. 2009 жылдың маусым және желтоқсан айлары аралығында арада жасалған келісімшарттар бойынша «Қ» ЖШС-не 54 адамға жолдама берілгенін, алайда оның 38 адамы сол мекемеде 4 сағатпен жұмыс жасап жүрген адамдар екенін жасырмады. Бұл әрекетіне дәлел ретінде аудан әкімінен қаулы шығарылып, әлеуметтік нысаналы топтарға жатқызу туралы қосымша тізім жасақталғанын алға тартты. Ал «А-С» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, 29 адамға жолдама бергендерін, ол жұмыспен негізінен айналысатын сектор меңгерушісі мен бас маман екенін, ал олардың тұрақты жұмыста жүрген адамдарға жолдама беріп отырғандарын білмегенін айтты. Сонымен, «Жол картасы» бойынша «Қ» ЖШС-не 2 711520 теңге, «А-С» ЖШС-не 1 350 000 теңге қаражаты аударылғанын, нәтижесінде «А-С» ЖШС-і бойынша ол ақшаның игерілмей қалғанын білмегенін алға тартқан еді.

Ал сотта жәбірленуші өкіл ретінде сұралған Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Қ-ның мәліметінше, аталған бағдарлама бойынша ауданға бөлінген жоғарыда көрсетілген қаражаттар екі серіктестікке заңсыз аударылғаны анықталған. Ол «А-С» ЖШС-не аударылған ақша қаражаты мемлекеттік бюджетке кері қайтарылғанын, ал «Қ» ЖШС-не аударылған ақшаны азаматтық тәртіппен шешуді ұйғарғандарын айтты.

Сотта куә ретінде сұралған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс жасайтын К. «Қ» ЖШС-не жолдамамен 54 адам жіберілгенін, оның 38-і сол мекемеде тұрақты жұмыс жасайтын адамдар екенін, оларды бөлім меңгерушісі М-ның айтуы бойынша 2009 жылдың 4 маусымы күні бұйрықпен жұмыстан шығартып, жұмыспен қамту бөліміне тіркетіп, 5 маусым күні аталған мекемеге жолдамамен қайта жіберілгенін, «А-С» ЖШС-не 2009 жылдың маусымы мен 2010 жылдың қаңтар айлары аралығында барлығы 29 адам жолдамамен жіберілгенін және олардың барлығы сол мекеменің тұрақты жұмысшылары екендіктерін айтып жауап берді.

Куә, бөлімнің бас маманы Г. де осы тектес жауап берген.
«Қ» ЖШС-нің директоры М. 2009 жылдың маусым айында жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмысшылардың еңбекақылары төмендегенін, сол мезгілде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы М. келіп, қосымша еңбекақы болатындығын айтып, өзінің мекемесінің жалақысыз күнге кеткелі отырған адамдарды жұмыстан шығарып, жұмыссыз ретінде аталған бөлімге тіркеп, қайтадан жолдамамен қабылдау туралы ұсыныс бергенін айтты. Өзі «бұның арты не болады?» деп сұраған серіктестік директорына «ештеңе де болмайды» деп жауап берілген. Серіктестік директоры қосымша еңбекақы заңда қаралғандығын айтқан соң бұл ұсынысты қабылдаған. Жолдама берілген 38 адам өз мекемесінің адамдары екенін, жұмыспен қамту бөлімінен 2 700 000 теңге аударылып, жұмысшыларға 15 000 теңгеден беріп отырғандарын айтып дәлелдеді.
Куәгерлер серіктестіктің кадр бөлімінің инженері Н. және осы мекеменің есепшісі С.-ның жауаптары айтылған жайттармен сәйкес болды.

Ал екінші серіктестікке аударылған қаражат игерілмей қалған. М. 2009 жылдың мамыр айында «А-С» ЖШС-нің директоры А-ға өз жұмысшыларының қатарынан жұмыспен қамту бөліміне формальді түрде тіркетіп, жолдамамен қайта алу жөнінде ұсыныс жасағанын. Сонымен, арада келісімшарт жасақталып, мекемеге 1 350 000 теңге аударылды. Алайда қаражат игерілмей қалып, серіктестік директорының айтуынша, бұл ақша 2010 жылдың сәуір айында кері аударылып жіберілген.

Аталған серіктестіктің кадр бөлімінің бастығы Н. мекеменің тұрақты жұмысшылары бола тұра 29 адамның жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелгендігін растады. Бас есепшінің уақытша міндетін атқарушы болып жұмыс жасаған Н. болса, бөлімнен аударылған барлығы 1 350 000 теңгені бастығы А. мемлекеттің мекемеге берген көмек ақшасы деп түсіндіргенін айтып, әлгі 29 адамға еңбекақы штаттық кесте бойынша төленгенін, соған байланысы жоғарыда көрсетілген қаражат жұмысшыларға төленбей, нәтижесінде қаражат игерілмей қалғанын айтқан еді.

Сонымен, 2010 жылдың 11 ақпанындағы №0149 сот-экономикалық сараптамасының қорытындысы бойынша, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 2009 жылы «Жол картасы» әлеуметтік бағдарламасы бойынша «Қ» ЖШС-не жіберілген 54 адамның 38 жұмысшысы бұл мекемеде сол жылы тұрақты жұмыс жасағандығы және бұл 38 жұмысшы серіктестіктен әлеуеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 2 358 183,74 теңге құрайтын еңбекақы алғандығы анықталды.

Ал осы жылдың 10 наурызындағы №0275 сот-экономикалық сараптамасының қорытындысы бойынша «Жол картасы» бағдарламасы негізінде «А-С» ЖШС-не жұмыспен қамту бөлімімен жұмысқа жолдама берілген 29 жұмысшыға келісімшарт бойынша еңбекақылары есептелмегендігі, яғни бюджет есебінен 15 000 теңге, жұмыс беруші есебінен 18 000 теңге төленбегендігі, жұмыспен қамту бөлімінен берілген жолдамаға сәйкес «А-С» ЖШС-не бұйрықпен жұмысқа орналастырылмағандығы анықталды.

Сот сотталушының қылмыстық әрекетін толықтай дәлелденген деген қорытындыға келді. Оның қылмыстық әрекеті ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-ші бөлігімен сараланды. Өйткені ол мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра қызметтік өкілеттігін өзі, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Сотталушыға жаза тағайындалғанда сот оның жауаптылығын ауырлататын мән-жай таппады. Ұнамды мінездемесі, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін жоғарғы органдардан берілген марапаттау құжаттары, ұлғайған жастағы зейнеткер адам екендігі, ауырлығы орташа қылмысты бірінші рет жасап отырғандығы жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде қаперге алынды. Сондықтан сот оны қоғамнан оқшауламай-ақ айыппұл түріндегі жаза тағайындауды жөн көреді.

Нәтижесінде сот ҚР ҚІЖК-нің 368-371, 375, 377-380, 383, 384-ші баптарын басшылыққа алып, М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 2-ші бөлігімен айыпты деп танып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш - 423 900 (төрт жүз жиырма үш мың тоғыз жүз) теңге мөлшерінде айыппұл салуға, Жылыой ауданы әкімінің қылмыс бойынша келген зиянды өндіру жөніндегі талабын қанағаттандыру құқығын танып, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін қарауға беруге үкім етті.

 

Ж.ДИЯРОВ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 822
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 655
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 523
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536