Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4492 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:05

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Селекторлық кеңесте бұл бағытта нақты тапсырмалар берілді.

Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновтың қатысуымен селекторлық кеңес өтіп, онда нан бағасының және халық тұтынатын аса қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, базарлар, сауда орындары қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Болат Дәукенов Үкімет тарапынан облыс әкімдеріне бағаны тұрақтандыру бағытында тапсырма берілгенін, соған орай ұн өнімдерін тасымалдаушылармен меморандум жасалғанын атап өтіп, ұнның бағасы тұрақты әрі бір бағамен болатындығын, оны тасымалдаушы да бір оператор болғандықтан, сол бағытта нақты жұмыстар жасау қажеттігін айтты. Яғни, 1-ші сұрыпты 1 кг. ұнның бағасы 46 теңгеден аспауы қажет, соған сәйкес сауда орындарында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасын өсіруге жол берілмеуі тиіс.

Селекторлық кеңесте бұл бағытта нақты тапсырмалар берілді.

Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновтың қатысуымен селекторлық кеңес өтіп, онда нан бағасының және халық тұтынатын аса қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, базарлар, сауда орындары қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Болат Дәукенов Үкімет тарапынан облыс әкімдеріне бағаны тұрақтандыру бағытында тапсырма берілгенін, соған орай ұн өнімдерін тасымалдаушылармен меморандум жасалғанын атап өтіп, ұнның бағасы тұрақты әрі бір бағамен болатындығын, оны тасымалдаушы да бір оператор болғандықтан, сол бағытта нақты жұмыстар жасау қажеттігін айтты. Яғни, 1-ші сұрыпты 1 кг. ұнның бағасы 46 теңгеден аспауы қажет, соған сәйкес сауда орындарында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасын өсіруге жол берілмеуі тиіс.

Екі мәселе бойынша да облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қ.Базарбаев баяндады. Оның мәлім еткеніндей, Облыс бойынша халық саны - 512 500. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 47 200 тн. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті 1 сортты ұн - 6663 тн. Халықтың 1 сортты ұнға сұранысы 1 айға - 1 292,2 тн. Наубайханалардың 1 сортты ұнға сұранысы 1 айға - 710,7 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 айға - 2003 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 24 036 тн.
Қала және аудандар бойынша сұранысқа келер болсақ, Атырау қаласында халық саны - 230 981 адам. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 21 278 тн. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті 1 сортты ұн - 3 003 тн. Халықтың 1 сортты ұнға сұранысы 1 айға - 270 тн. Наубайханалардың 1 сортты ұнға сұранысы 1 айға - 513 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 айға - 783 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 9 396 тн.

Жылыой ауданы. Халық саны - 73 493. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 6 771 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 4 596 тн. Индер ауданы. Халық саны - 31527. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 2 905 тн. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті 1 сортты ұн - 410 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 528 тн. Исатай ауданы. Халық саны - 25 359. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 2 337 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 510 тн.

Қызылқоға ауданы. Халық саны - 32 601. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 3 004 тн. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті 1 сортты ұн - 424 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 945,6 тн. Құрманғазы ауданы. Халық саны - 59 132. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 5 448 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 7 368 тн. Мақат ауданы. Халық саны - 29 547. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 2 722 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 396 тн. Махамбет ауданы. Халық саны - 30 813. Тұтыну нормасы бойынша 1 жылға қажетті ұн өнімдері - 2 839 тн. 1 сортты ұнға барлық сұраныс 1 жылға - 295,2 тн.

Қ.Базарбаевтың атап өткеніндей, биылғы жылы Елбасы тапсырмасына орай облыс бойынша 65 500 тонна 1-ші сортты ұнға әр кг. 46 теңгеден меморандум жасақталған. Облыс бойынша 1-ші сортты ұнды жеткізіп беруші болып «СПИК А» ЖШС белгіленген. Қала және аудандарға ай сайынғы қажетті ұн мөлшері жөніндегі сұранысты «СПИК А» ЖШС-не тапсыру қажет. Наубайханалармен халықтың тікелей сұранысынан тыс жағдайы төмен отбасыларға арналған арзан бағамен сататын дүкендерде 1 сортты ұнды сатуды ұйымдастыруға мүм-кіндік туындап отыр. Қала және аудандарда 1 сортты нан бағасының көтерілуіне ешқандай негіз жоқ деп есептейді ол.

Болат Дәукенов кімде-кім ұн бағасының 1 келісін 46 теңгеден жоғары сататын болса, ондайларды дереу құқық қорғау орындарына хабарлап, заңды шара қолдану, бірінші кезекте айыппұл салу, ал одан нәтиже шығармаса, қатаң жазалау шарасын алуды ұсынды. Бәрі де сондай бағамен сатуы тиіс, қала, аудан әкімдеріне сондай тапсырма берілді.

- Маған апта сайын есеп беріп отырасыздар нан бағасы бойынша. Бағаны өсіру болды ма, ондай фактілер кездесті ме? Болса, жоғарыда айтқанымдай, ондай кәсіпкерлерге қатысты қатаң шара қолданыңыздар. Нан бағасын тұрақтандыру бағытында мониторинг жүргізіп, қажетті сұраныс көлемін нақтылау қажет, аудан әкімдері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе жұмыс жасаңыздар, - деді.

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Сәрсем-алиев қажет болған аудандарға ұн өнімдерін темір жол көлігі арқылы тасымалдап жеткізу мүмкіндігі барлығын қаперге берді. Яғни, ұнды әуелі Атырау қаласына әкеліп, сонан соң аудандарға кері тасудың қажеті жоқ, тікелей жеткізуге болады. Мысалы, Құрманғазы ауданына Ганюшкино станциясына дейін, Мақат ауданына, басқа өңірлерге де солай.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қ.Базарбаевтың айтуынша, қазіргі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша, облыстағы бірінші қажеттегі азық-түлік тауарларының, соның ішінде өзімізде өндірілген ауыл шаруашылығы тауарларының бағаларын тұрақтандыру бағытында өз деңгейінде жұмыстар атқарылып келеді. 2010 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №145 қаулысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілген.

Бұл тізбеге әлеуметтік маңызы бар 18 азық-түлік тауарлары: бірінші сортты бидай ұны, бидайдан жасалған нан, макарон өнімдері, жармалар, күріш, картоп, көкөністер (сәбіз, басты пияз, қырыққабат, қызылша), ақ қант, өсімдік майы, ет (сиыр еті, қой еті, құс еті), ішетін сүт, айран, майлылығы аз ірімшік, мәйекті сыр, сары май, жұмыртқа, тұз, шай кіреді.

2009 жылы облыс бойынша 23 мың тонна ет өндіріліп, қамтамасыз ету пайызы 108%, 54 мың тонна сүт өндіріліп, қамтамасыз ету пайызы 54%, 1,8 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, қамтамасыз ету пайызы 3,5% болды. Ал 2010 жылдың 8 айында 12 мың тонна ет, 34,6 мың тонна сүт, 1,2 млн. дана жұмыртқа өндірілген. 2009 жылы облыс бойынша 11,6 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, маусымдық қамту пайызы 172%, 44 мың тонна көкөніс өндіріліп, маусымдық қамту пайызы-155%, 11,2 мың тонна картоп өнімдері өндіріліп, маусымдық қамту пайызы-35%, 70 тонна жеміс өнімдері өндіріліп, маусымдық қамту пайызы-0,5%.

Биылғы жылы өндіріске енгізілетін 5100 тонналық типтік жобадағы көкөніс қоймасы және 0,48 га жылыжай технологиясының арқасында қыс және көктем мезгілдерінде аса қажетті картоп және сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша өнімдерімен қамтамасыз ету 60 пайызға, ал қияр, қызанақтармен қамтамасыз ету 7 пайызға жететін болады. 2011 жылы бұл көрсеткіштерді 100 және 38 пайызға жеткізу жоспары бар.

2010 жылдың 7 қыркүйегіндегі «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, облысымызда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің бағалары төмендегіше: республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы - 694 теңгені құраса, облыста - 687 (680) теңге, қой етінің бағасы республикада - 687 теңге, облыста - 658 (685) теңге, жылқы еті республика бойынша - 836 теңге, облыста 800 теңге құрап отыр.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы 91 теңгені құраса, облыста - 100 теңге, қызанақ республикада - 84 теңге, облыста - 100 теңге, қызылша республикада - 79 теңге, облыста - 89 (80) теңге, республика бойынша картоп бағасы 54 теңгені құраса, облыста - 85 (70) теңге, пияз республикада - 60 теңге болса, облыста - 85 (70) теңге. 2010 жылдың 8 айында картоп - 6 600 тн, пияз - 1 800 тн, қырыққабат - 1200 тн, сәбіз - 1300 тн, қызылша - 164 тн, қызанақ - 716 тн, қияр - 282 тн, бақша - 1315 тн, алма, жеміс-жидек, жүзім - 7600 тн, цитрус - 1386 тн. тасымалданған. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысынан 24 мың 146 МІҚ, 3127 бас қой, 836 бас жылқы, 159 бас түйе малдары тасымалданған, яғни 4000 тонна ет, ал 2010 жылдың 8 айында 15 507 бас МІҚ, 3 307 бас қой, 909 бас жылқы, 65 бас түйе, яғни 2 500 тонна ет тасымалданған.
Тұтыну рыногында бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бастап 167 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Атырау қаласы - 21, Жылыой ауданы - 25, Индер ауданы - 26, Исатай ауданы - 32, Қызылқоға - 4, Құрманғазы ауданы - 16, Махамбет ауданы - 43 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілген.
Азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз көтермеу жөніндегі меморандумдар жасақтау мақсатында, үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында «Атырау қаласы тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімімен қажетті көлемімен төмен бағада қамтамасыз ету және қолайлы әлеуметтік жағдай туғызу туралы», «Атырау қаласының сауда саласында өзара түсінушілік пен ынтымақтастық туралы» бір жағынан қала әкімі, екінші жағынан азық-түлік өнімінің көтерме тасымалдаушылары, супермаркеттер және базарлар басшыларымен төрт меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, аудандар бойынша да азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу мақсатында меморандумдарға қол қойылыпты.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша 1211 тонна өсімдік майы, 1511 тонна қант, 502 тонна күріш, 4061 тонна картоп, 588 тонна сиыр еті, 6,7 млн. дана жұмыртқа, 4000 тонна сүт, 370 тонна макарон өнімдері, 1438 тонна 1 сортты ұн қорлары бар.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары былай деп атап көрсетті:
- Ауыл шаруашылығы, көкөніс өнімдері неге күзде қымбат болады, қазір нағыз науқаны емес пе? Бұл қыстың қаңтар айы емес, өнімге тапшылық тудыратын. Өнімнің мол шағында баға жоғары болып тұрса, ертең азайғанда қалай болады? Осыны неге қадағалап, қарамайсыздар? Жәрмеңкелерді жиі өткізу қажет, бір ауданда көп, бір ауданда аз өткізілген. Неге? Қазіргі науқандық шақты пайдаланып, өнімді барынша мол өткізуге қамданып қалу керек қой. Ертең күн суыта оларды сақтау да оңайға түспейді, ал үсіп кетсе зор шығынға қаламыз. Сонан соң, бір-бірінен көтерме бағамен алып, үстіне ақша қосып сатушылар көп, баға одан кейін қалай тұрақты болады? Тіпті жәрмеңке кезінде солай жасайды. Қандай негізге сүйеніп бағаны көтереді? Президенттің, Үкімет басшысының, облыс әкімінің бағаны көтермеу жөнінде арнайы тапсырмасы бар. Неге күнделікті қадағаламайсыздар, неге шара қолданылмайды ондайларға қатысты. Бір-екеуіне қатаң шара алсаңдар, қалғандары өзі-ақ қалыпқа келеді. Бейбастақтыққа жіберіп қоюға болмайтындығын түсініңіздер, әкімшілік жазаға тартыңыздар. Осы істерге қала, аудан әкімдері де тікелей жауапты болады. Маған келесі аптаның 21 күні баға мөлшерін қайта тексеріп беріңіздер, сіздердің қаншалықты деңгейде жұмыс жасап, жасамай отырғандарыңыз сонда көрінеді. Айтылған барлық сын-ескертпелерді мерзімді орындауды тапсырамын, - деп нақты жауапкершілікті талап етті облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Асылұлы Дәукенов.

 

Қ.МҰҚАШЕВ.

 

0 пікір