Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3447 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:55

АСТЫҚ САПАСЫНА КӨҢІЛ ТОЛАДЫ

Облыста жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын

Биыл біздің өңірдегі орақ науқаны өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты өтіп жатыр. Астық мол шыққан былтырғы жылы шаруалар үшін қамбаға сыймаған бидайды өткізу мұң болып, біраз күрделі мәселелер туындаған, қазір ондай келеңсіз жайт жоқ. Диқандар осы маусымдағы құрғақшылықтан аман шыққан дәнді-дақылдарын шашпай-төкпей жинап алуда. Сапасы жоғары бидай астық өсіруші қауымның ала жаздай еңбегін ақтап, пайда әкеледі дегенге сенім мол.

Облыс бойынша кешеге дейін 437,6 мың гектар жердің астығы орылып, жиналған өнім 286,6 мың тонна болды. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің бас маманы Мұхаммед Нұғұмановтың айтуына қарағанда, бұл - аймақта күзгі ораққа жатқызылған барлық егіс алқаптарының тоқсан алты пайызы. Жоспарға сүйенсек, биыл облыс көлемінде үш жүз мың тонна астық жиналуы керек. Ауыл шаруашылығы мамандары бұл меже толығымен орындалады деп отыр. Орташа алғанда астықтың әр гектарынан 6,6 центнерден түсуде. Өнімділік жағынан Железинка ауданы алда, әрбір гектардан 8,7 центнерден астық алынуда. Шарбақты ауданы орақ науқанын аяқтады. Аудан диқандары биыл 39,7 мың тонна өнім жинады, қазір онда астық бастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы облыс бойынша осы апта соңына дейін орақ науқаны толығымен аяқталуы тиіс.

Астықты Ертіс ауданында жиын-терін жұмыстары бір қалыпты жүргізілуде. Ертістіктердің үлесінде биыл 149,6 мың гектар егістік бар болса, бүгінге дейін оның 94 пайызы орылып үлгерген. Қажетті жанармай мен техника жағынан тапшылық жоқ. Шаруалар егін орағына қазіргі жаңбырлы ауа райының біраз бөгет болып тұрғандығын айтады. Дегенмен жоспарлы орақ мерзімінде, яғни енді бір он күн ішінде аяқталады деп сеніммен айтып отыр диқандар. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Асқар Исабековтің сөзіне сенсек, бүгінге дейін алынған 93,3 мың тонна астықтың тоқсан пайызы бастырылды. Жаздың құрғақ болуы нәтижесінде биылғы өнімнің сапасы жоғары. Аудан бойынша бидай әр гектардан орта есеппен 7,1 центнерден айналуда. Бидай, сұлы, қарақұмық секілді дәнді дақылдардың сапасы жақсы болуына орай сырттан келіп сатып алушылардың қарасы көбейе түскен. Қазір бұл өңірде 1-2 класты бидайдың әр тоннасы 29-31 мың теңгеге бағалануда.

Айта кету керек, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы бұл ауданның диқандары 9735 тонна бидай өткізуді ойға алып отыр. Ал корпорация облыс бойынша биыл 25 мың тонна квота бөлген. Өз өнімін тез арада сатуды жоспарлаған диқандар өтініштерін 15 қазанға дейін беріп үлгеруі керек.

М.Нұғұмановтың айтуынша, бұл бағытта шаруалар тарапынан белсенділік байқалмайды. Бүгінге дейін облыста небары 2800 тоннаға ғана өтініш түскен. Бұған аталмыш корпорация ұсынып отырған сатып алу бағасының төмендігі әсер етуі мүмкін, дейді ол. Жоғарыдағы мекеме бидайдың әр тоннасын 26,5 мың теңгеге бағалап отыр, ал қазір облыста астық бағасы 31 мың теңгеге жетіп тұр. Астық өсірушілер қазір жергілікті астық нарығындағы жайтты аңдып, асыға қоймауды құп көріп отырғанға ұқсайды. Жеке сатып алушылар тарапынан қазірдің өзінде сұраныс көбейе түскен.

Мұрат АЯҒАНОВ.

0 пікір