Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3632 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:22

«Кедендік одақ ел-жұрттың ырысын молайтады»

Әмірхан Мауқұлов, Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы

- Әмірхан Әбенұлы, Петерборда «Қазақстан мен Ресей арасындағы кедендік одақты құру шеңберіндегі халықаралық шарттарды қолдану туралы» шартқа қол қойылғандығы мәлім. Құрылған кедендік одақтың біздің елге қандай пайдасы бар? Экономикаға, бюджетке және бизнеске қалай әсер етпек деген сауал көптің көкейінде жүр десек, қателеспейміз...

- Әрине, Қазақстанның экономикалық дамуына кедендік одақтың қалай әсер ететіні әркімді-ақ ойландырады. Жаңалықтың нәтижесін бірінші күннен сезіну мүмкін емес. Алайда беделді сарапшылардың пікіріне құлақ ассақ, одан біздің елге келер пайда аз емес. Бұл дегеніңіз - шикізаттық емес салаға құйылатын шетел инвестицияларының ағыны, үш елдің кәсіпорындарының бір-бірін толықтырып отыратын кооперациясы үшін серпін және вертикальды - кіріккен корпорациялардың құрылуына мұрындық болмақ. Кедендік тарифтердің өсімімен және қосымша инвестицияларды тартуға байланысты бюджеттің кіріс бөлігі қосымша толығады.

Әмірхан Мауқұлов, Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы

- Әмірхан Әбенұлы, Петерборда «Қазақстан мен Ресей арасындағы кедендік одақты құру шеңберіндегі халықаралық шарттарды қолдану туралы» шартқа қол қойылғандығы мәлім. Құрылған кедендік одақтың біздің елге қандай пайдасы бар? Экономикаға, бюджетке және бизнеске қалай әсер етпек деген сауал көптің көкейінде жүр десек, қателеспейміз...

- Әрине, Қазақстанның экономикалық дамуына кедендік одақтың қалай әсер ететіні әркімді-ақ ойландырады. Жаңалықтың нәтижесін бірінші күннен сезіну мүмкін емес. Алайда беделді сарапшылардың пікіріне құлақ ассақ, одан біздің елге келер пайда аз емес. Бұл дегеніңіз - шикізаттық емес салаға құйылатын шетел инвестицияларының ағыны, үш елдің кәсіпорындарының бір-бірін толықтырып отыратын кооперациясы үшін серпін және вертикальды - кіріккен корпорациялардың құрылуына мұрындық болмақ. Кедендік тарифтердің өсімімен және қосымша инвестицияларды тартуға байланысты бюджеттің кіріс бөлігі қосымша толығады.

Бизнес үшін одақтың қолайлы жағы басым. Ресей мен Беларусьта тауар өткізу нарығы кеңейеді. Тауарларды кеденнен өткізгеннен кейін жүзеге асатын жанама салықтарды төлеу мерзімі  айдың 20-сына дейін ұзартылады. Былай алып қарағанда мұның өзі несиелеу тәрізді. Одақ ішінде бұрынғыдай кедендік рәсімдеу және таңдамалы кедендік бақылау болмайды. Одаққа қатыспайтын үшінші елдерден тасымал­данатын тауарларға мейлінше жоғары тарифтер бекітілді. Мысалы, бұрын бар­лық тауарлар бойынша баждар  мөлшерлемесінің орташа арифметикалық деңгейі 6,2 па­йызды құраса, бүгінде ол 10,6 пайызға өсті. Мұндай жағдайда импорт азаяды, оның орнын қазақстандық тауарлар басады. Қарапайым тұрғындар одақ ішінде шекарадан түрлі кедендік рәсімдеулерге уақыттарын жоймай еркін өтеді. Нарықтағы әжептәуір қымбаттаған импорттық тауарлар орнын қолжетімді бағадағы  отандық өндіріс тауарлары басады. Одаққа кіретін мемлекеттердің тауарлары өзара бәсекеге түседі, тұтынушы өз қажетіне сапалысын таңдайды.

Өтпелі кезеңде елімізге сырттан келетін 400 тауарға қатысты кедендік баждардың әрекет етуші мөлшерлемесін (олар бірыңғай кедендік таритің мөлшерлемелерінен төмен) қолдану құқығын сақтап қалды. Олар фармацевтикалық өнімдер, темір жол вагондары, құрастырмалы құрылыс құрылымдары, қағаз, алюми­ний т.б.

- Кедендік кодекс қолданысқа енуімен байланысты кедендік шекаралар, ұлттық рәсімдеу алынып тасталады делінді. Осы жөнінде таратып айтып берсеңіз.

- Бірыңғай кедендік аумақ­ты қалыптастыру үш кезеңмен өте­ді деп белгілен­ді.  Алғашқы, яғни 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін кедендік одақтың келі­сімшарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау және келісілген шекаралықтан өзге, мемлекеттік бақылау түрлерін ортақ кедендік аумаққа біртіндеп көшіруді ұйымдастыру мәселелері шешілді. Бірінші кезеңнің міндеттеріне сәйкес  одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық тізімі, бірыңғай кедендік тариф, тарифтік емес реттеудің бірың­ғай жүйесі бекітіліп, күшіне енді. Сөйтіп, биылғы жаңа жылдың басынан бастап кедендік одақты жүзеге асыру жұмыстары басталды. Мұндағы басты талап өзге үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын ұстану болып табылады. Енді әр елдің кедендік аумақтарын ортақ аумаққа  біріктіру мен одақты қалыптастыруды аяқтау кезеңі басталды. Осы 2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 1 шілдесіне дейінгі  екінші кезеңге уақтылы өту үшін кедендік реттеу межелерін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Соған орай шілдеден бастап одақ елдерінен шыққан  тауарларды, сондай-ақ осы кедендік одақ елдерінің аумағына еркін айналымға жіберілген үшінші елдердің тауарларына осы елдердің аумағында ғана кедендік рәсімдеу жойылады.

- Ресейде жасалған тауарлардан басқа шетелдік өнімердің бағасы көтеріледі.  Бұл тізімге енбей қалғандарының басты-бастыларын атасаңыз.

- Қазақстан, Ресей және Беларусь елдеріне қолданыла­тын ортақ жаңа тариф биыл 1 қаңтардан қолданысқа енді. Сырттан әкелінген тауарлар­дың баж салығы көтерілді, соған сәйкес олардың бағасы өсті. Өткен Петербор кездесуінде қазақстандық тарап біраз же­ңілдіктерге қол жеткізді. Соның ішінде Қазақстан ба­тыстың әуе көліктерін бұ­рынғыша жеңілдікпен алады. Тағы бір маңызды мәселе «темір тұлпарларға» қатысты. Қазақстандықтар жеңіл көлікті шетелден тасығанды жөн санайды. Бұған жоғары тариф енгізілетін болса, ол қалтаны қағатыны анық. Сондықтан су жаңа және шығарылғанына 3 жылдан 10 жылға дейін болған көліктерге  кедендік төлемдер төмен деңгейде, ал ұсталған ескі көліктерге жоғары төлем салынатын болды. Үкімет басшысы мұның өтпелі кезеңде, яғни 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін екенін және осындай жеңілдікпен әкелінген көліктерді Ресейге апарып қайта сатуға болмайтынын ескертті. Енді 1 шілдеден кейін кедендік тарифте өзгерістер болмайды. Сондықтан қазіргі уақытта баға көтеріле қоймас. Рас, тауарды жіберетін елдегі тауардың босату құны өсіп жатса, әрине, баға өзгермей тұрмайды.

- Әмірхан Әбенұлы, Ресей аумағынан өтетін қазақстандық пойыздардың кедендік тексерістен өту-өтпеуі қалай болды өзі?

- Биыл мамырда кеден одағына қатысушы елдердің үкіметтері кедендік одақ аумағында те­мір жолда қозғалатын тауарларға кедендік транзит процедурасын қолдануды қамтамасыз ету мақсатында келісімге қол қойды. Бұл келісім транзиттік тауарларға қатысты, сондықтан ол жеке тұлғалардың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты құқықтық қатынасқа қолданылмайды. Дегенмен кедендік бақылау комитеті кедендік одақ комиссиясының қарауына Қазақстан мен Ресейдің кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары үшін бірыңғай нұсқау жасақтау және оны енгізу жөнінде мәселе қойды. Қа­ралып отырған ба­қылау түрі темір жолдың өту пункттерінде, қазақстандық және шетелдік пойыздарға  қатысты қолдануды көздейді.

- Қазіргі уақытта сырттан әкелінетін өнімдердің, соның ішінде құрылыс материалдарының, азық-түлік түрлерінің бағасы тіркеліп, сараланып отыра ма?

- Бізде импорт тауарлардың кедендік құнына бақылау жасалады. ҚР ҚМ КБК-ның бағалық ақпаратымен, соның ішінде біртектес және ұқсас тауарлармен салыстырамыз. Импорттаушы мен экспорттаушының өзара байланысын, көрсетілген бағаның сәйкестігін қуаттайтын құжаттарды салыстырамыз. Мысалға, 1 келі картоптың бағасы кедендік тазалаудан кейін 30-35 теңге, польшалық алма 150-170 теңге, банан 150-170 теңге дегендей. Ал ішкі нарық­тағы тауар бағасын сараптау кеденшілердің құзырына кірмейді.

- Әмірхан Әбенұлы, соңғы сауал. Жалпы кедендік одақты құру шеңберіндегі халық­аралық шарттарды қолдану кеденшілер жұмысына қандай өзгерістер әкелмек?  Кеденшілер саны көбейіп, жаңа бекеттер құрыла ма?

- Кедендік одақтың кодексі бойынша кедендік одақтың бірыңғай аумағын Қазақстанның, Беларусьтің, Ресейдің аумақтары құрайды. Қазақстанда кедендік одақтың шекаралары болып 1 шілдеден бастап Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен арадағы шекаралар саналады. Үкіметтің қолдауымен кедендік органдар жоғарыда аталған мемлекеттермен оңтүстік шекараларды нығайту жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылы кедендік одаққа кіруге байланысты шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Шекараларды нығайту мақсатындағы қаржы  да осының ішінде.  Келешекте одаққа кірмейтін елдер шекараларына орналасқан кеден бекеттеріндегі штат санын көбейту біртіндеп жүргізілмек.

- Әңгімеңізге рақмет.

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

 

0 пікір