Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3453 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:10

Үнемділікке үйрететін технология

Германияның Қазақстандағы шырайлы шарасы аясында Германияның Алматыдағы бас консулдығы Оралдағы қалалық көрме залында «Қазіргі Германия» және «Жаңғыртылатын қуат - Германияда жасалған» тақырыбындағы екі  көрмесін оздырды.  Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қалалық көрме залында болып, жаңа қуат көздері технологиялары жөнінде делегация өкілдерімен пікірлесті.

Жылжымалы қос көрменің ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев құрметті меймандарға Орал өңіріне қош келдіңіздер дей келе, Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасын достық, әріптестік қарым-қатынас байланыстырып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ көрмелердің жұмысы батысқазақстандықтарға қазіргі Германия жөнінде жаңа мағлұматтар алуға мүмкіндік беретінін, бұл кездесудің жан-жақты байланыстардың нығаюына, халықтардың одан әрі ынтымақтасуына қызмет ететіндігіне сенім білдірді.

- Бүгінде Қазақстанда ұлты неміс азаматтар өзге 140 этноспен бірге тату-тәтті өмір сүріп, бизнесте, білім беру мен медицина, мәдениет салаларында еңбек етуде.Неміс диаспорасының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясында белсенділікпен жұмыстануда. Біздің облыста «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамы жұмыс істейді, - деді Нұрлан Асқарұлы өз сөзінде - Біздің облыс Ресейдің бес облысымен шектеседі. Қазақстанның батыс қақпасы болып табылатын облысымызда бизнес ісін жүргізуге қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Батыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы сауда айналымының  негізін тауар импорты құрайды. Биылғы алты ай ішінде Германиямен арадағы сауда айналымы 41,9 млн. АҚШ долларын құрады. Германияның Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг өз сөзінде көрмені ашу Германияның Қазақстандағы жылы шеңберіндегі ауқымды шараның бір бөлігі екенін, мұның екі елді жақындастыруға, озық тәжірибе алмасуға, неміс елін танып-білуге қызмет ететінін жеткізді. Сондай-ақ көрмені ашуға көмек еткен облыс әкімдігінеалғысын білдірді. Қазіргі Германия» тақырыбындағы жылжымалы көрмеде осы күнгі Германия өмірінің түрлі аспектілері көрініс тапқан. Бұл елдің көп қырлы қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірі берлиндік фотограф Торстен Эльгердің фотокомпозицияларында айқын бейнеленген. Ал екінші қуат тақырыбындағы көрмеде Германияның энергетика жөніндегі «Dena» агенттігінің жұмыстары көрсетілген. Алмания тіркелген патент саны жөнінен әлемде бірінші орында болса, бұл агенттік қуатты тиімді пайдалану саласында эксперттік орталық саналады. Көрші ресейліктер «Denaмен» тығыз байланыс орнатып, қуат көздерін үнемдеу, жаңа көздерін орнату жұмыстарына кіріскені мәлім. Көрмедегі 24 баннерде қуат өндірудің түрлі көздері мен қуатты үнемдеу жолдары көрініс тапқан. Қазіргі уақытта Германия пайдаланып отырған қуаттың 15 пайызын осы жаңартылған қуат көздерінен, яғни желден, су мен күннен алады. Біздің елімізде таяудағы келешекте қажетті қуаттың бес пайызын осындай көздерден алуды мақсат етуде. Жалпы әлемде табиғатпен үйлесімді, жаңартылған қуат көздеріне деген қызығушылық артып отыр. Оның себебі түсінікті де, табиғат қойнауындағы қазба байлық шексіз емес. Ал жыл өткен сайын қуатты тұтынушылық деңгейі жылдам өсуде. Біздің облысымызда да қуатты көбірек қажетсінетін жаңа өндіріс орындары, құрылыстар, тұрғын үйлі жаңа шағын аудандар, түрлі нысандар іске қосылуда. Сондықтан мұндай озық инновациялы технологиялар көрмесінің келешекте технологиялар трансферіне жол ашары кәміл.  * * *

Жылжымалы қос көрме еліміздің өзге қалаларында да көрсетілетін болады. Ал Оралда қыркүйектің екісіне дейін жалғасады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 955
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 807
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 625
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 673