Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3390 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:47

Күл шығару келмеске кетті

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қаратөбе ауданында  болып, көгілдір отын алауын жақты. Сондай-ақ облыс басшысы аудан орталығында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан мектеп-интернат кешенінің құрылысымен танысты.

Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдымен аудан орталығында орналасқан 300 орындық мектеп пен 100 тәрбиеленушіге лайықталған интернат кешеніне ат басын тіреді. «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қолға алынған мектеп  құрылысы­на республикалық бюджеттен  былтыр 346 934 мың теңге, ал биыл 226 249,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Өткен жылдың тамыз айында бас­талған құрылыс жұмыстары қазір аяқталуға таяу. Жалпы аумағы 8999,42 шаршы метрді құрайтын білім ордасы қазірдің өзінде көрер көздің жауын алып, сыңғырлап тұр. Мердігер «Альтаир» ЖШС өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатар мектеп-интернат кешенін Астана күні қарсаңында пайдалануға бермек.

Жаңа мектепте білім алғысы келетін өрендердің қатары қазірдің өзінде мол. Әйткенмен, жаңа оқу жылы қарсаңында тест тапсырып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ғана қабылдан­бақ. Жаңа білім ошағын аралап шық­қан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Мектеп-интернат кешені кірсе шыққысыз екен, игіліктеріңізге жарасын!» деп оң бағасын берді.

Осыдан екі жыл бұрын аудан халқымен кездесуінде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов шалғайдағы Қаратөбе өңіріне көгілдір отын желісін жеткізуге уәде берген болатын. Облыс басшысы күні кеше ауыл халқының көптен күткен зор қуанышымен де бөлісті. Аудан орталығындағы орталық алаңда өткен мерекелік салтанатқа жиылған жұртшылық алдында сөз алған Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл ізгі мұратқа

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Мұнай және газ министрлігінің тікелей қолдауының арқасында қол жеткізгендігін қадап айтты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құны 261 млн. долларды құрайтын «Қарашығанақ - Орал» газ құбыры құрылысын қысқа мерзімде аяқтау жоспарланған еді. Өткен жылдың соңында осы жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, Теректі ауданының орталығы Федоров және оның төңірегіндегі елді мекендер көгілдір отынға қосылды. Енді, міне, осы жобаның екінші кезеңі жүзеге асып, Сырым және Қаратөбе аудандарының елді мекендеріне газ жеткізілді. Облыс аумағында жалпы ұзындығы 552 шақырым магистралді газ құбыры тартылды. Бұл 146 елді мекендегі 100 мың адам көгілдір отынмен қамтылғалы тұр деген сөз, - деді өңір басшысы.

«Біткен істің басына, жақсы келер қасына» демекші, облыстың шалғайдағы елді мекендерін газдандыру жұмысына баса мән беріп, қолдау көрсеткен рес­пуб­ликаның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев өлкедегі жасампаз еңбекке көңіл толып,  көз сүйсінетіндігін айта келе, қаратөбеліктерге көгілдір отынның қызығын көруді тіледі.

Бұдан соң мәртебелі меймандар Қаратөбе ауданының құрметті азаматы 83 жастағы Малдыбай Бердіғалиевтің шаңырағында болып, ауыл-аймақтың ортақ қуанышы үшін құтты болсын айтты.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қаратөбеге жуық арада газ жетеді дегенде сенің­кіремегеніміз рас, - дейді Қаратөбе ауылының тұрғыны КүләшМұқтарқызы.

- Бірақ арман ақиқатқа айналды. Тез арада газ құбыры құрылысы қарқын алып, бүгіндері көгіл­дір отын желісі үйді-үйге тартылуда. Аудан басшылығы «Газ орнатуға қажетті қаржы-қаражатты алдын ала жинастырып қойыңдар» деген соң, ауыл халқы малын сатып, ақшасын дайындап, әзір отыр. Көгілдір отын шаңырағымызға жеткелі санаулы сағат өтті. Артықшылығын қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Енді от жағып, күл шығару машақатынан құтылдық, - дейді ол.

Қаратөбедегі газ баллоны­ның бағасы 1000-1500 теңгенің төңірегінде. Бір баллон үнем­деп пайдаланғанның өзінде 20 күнге ғана жететінін ескерсек және қыс мезгілінде отқа жағар көмірдің тоннасы 13 мың теңгеге жуықтайтынын қаперге алсақ, көгілдір отын желісі айтулы әлеуметтік жетістік екені шүбәсіз.

Аудан әкімі Арман Өтеғұловтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда аудан орталығындағы 720 түтіннің 445-і газ құбырын кіргізуге ниетті, тіпті 140-ы ақшасын алдын ала төлеп те қойған. Әзірге 11 үйге көгілдір отын кіргізілді. Бұл жұмыстарды «ГазКотлаМонтаж» ЖШС атқаруда.

2015 жылға дейін Қаратөбе ауданына қарасты тоғыз ауылдық округ түгелдей газ жүйесіне қосылмақ.

Динара ЕСЕНТАЕВА

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1056
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 943
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 795