Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:34

МАДАҚТАН БИIК МӘРТЕБЕ

Күнi кеше ғана елiмiзде болған саяси оқиға, дәлiрек айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының азаматтарына, Парламент депутаттарына, сондай-ақ өзiнiң «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясындағы әрiптестерiне арнаған үндеуi баршамызға ой саларлық, сабақ боларлық үлгi.

Мәжiлiс пен Сенатта қолдау тапқан заңға Елбасы неге қол қоймады?  Менiң жеке пiкiрiм - қазақ баласы, көп ұлттар өкiлi тұрақ тапқан Қазақстанда Елбасы деген қасиеттi ұғым ай санап, жыл өткiзiп, ғасырлар тоғысы болып жатқан кезеңде халық санасында ретiмен қалыптасып келе жатыр. Елi сенген Елбасының абырой атағы ел шекарасынан асып, әлем елдерiне танымал болып жатқаны, тiптi қуантады. Халықтың өз серкелерiне, көшбасшыларына беретiн бағасын уақыт өзi айтады, ал соларды дәлелдейтiн аса мәртебелi ұғымдар, жоғарыдағы депутаттар түсiндiрiп баққан Ұлт көшбасшысы ұғымы да бар, тiптi кез келген сүйiспеншiлiк, құрмет аз ғана депутаттардың дауыс беруiмен шешiлмейдi, ондай махаббатты халық жүрегi өзi таңдап, тарих көшi тасқа жазады.

Ел iшiнде болып жатқан саяси оқиғаларды жiтi бақылап отырғанда аңдағанымыз, Елбасы әрқашан да өзiн мадақтауға бой алдырмай, халықтың мұң-мұқтажына айрықша көңiл аударуды үнемi еске салып отырады. Солардың кейбiреуiн оқырман есiне түсiре кетсек. Қателеспесем, депутат болу керек, Роман Мәдинов бiр шағын отырыста Елбасымызды жер-көкке сыйғызбай марапаттай жөнелдi. Елбасы болса әдеппен ескерту жасады, жылы жымиып, көзге мақтағаннан гөрi, партияның беделiн көтеретiн ауқымды iс-шараларға үлес қосуды ескерттi. Тағы бiр кездесу барысында 70 жылдық мерейтой жайында аса iрi ауқымдағы әрекет жайлы әңгiме басталғанда Президент  ешқандай да мерейтой жасамауды, тiптi қатқыл түрде мұндайға жол бергендердi жазалайтынын айтты. Бұл бiздiң аңдап қалғандарымыз, ал ендi ондай жәйттi Елбасының әрқашан айтып келе жатқанына күмәнiм жоқ. Ол жөнiнде осы арнауында да: «Мен әрқашан түрлi мақтау мен мадақтан биiк тұруға тырысамын және осы ұстанымымда қала беремiн» деп қадап айтты. Иә, қасиеттi құран-хадисте айтылатын ауыр күнәнiң бiрi «адамды көзiне мақтау» екен, демек бұл жағынан да ойланатын мәселе аз емес.

Үндеуден кейiн қалың қауымды мазалайтын кейбiр жәйттерге  назар аударған жөн деп санаймын. Ең алдымен ұлтты ұятқа қалдыратын жарыса жағымпаздыққа тыйым салу керек, дер кезiнде тосқауыл қоймасақ, ол жеке адамға табыну қасiретiне ұрындырады. Басқаны қайдам, қазақ халқы дәл осы жеке адамға табынудың (әңгiме Сталин туралы) қайғы-қасiретiн аз тартқан жоқ. Аштық, тәркiлеу, халық жауын әшкерелеу, ұлтшылдарды қырғынға душар ету сияқты трагедияның денi дәл осы жеке адамға табыну кезiнде өттi және сол қасiрет ақ пен қараны айыруға мұрсат бермедi. Ол iндет әшкерелендi, арнайы ХХ съезд де дүркiреп өттi, бiрақ бәрi кеш едi. Орны толмас трагедиялар қазақ тарихының қаралы күндерi болып мәңгi қалды. Жан жарасы әлi жазылған жоқ.

Ендiгi күннiң жөн-жосығы бөлек емес пе, ел азат, халықтың көзi ашық, бақытты болашаққа бастаған Президентi, Елбасы бар. Күнi кешегiдей Мәскеудiң ым-жымына қарап жәутеңдейтiн сәттер келмеске кеттi, күнi кешегiдей бодандық қамытының қайысы мойнымызды қажап, әлдекiмдерге жалтақтап жүрген күйдегi жағымпаздардың жарысатын кезi өтiп кеттi емес пе? Қазiргi заман биiк парасат, өр рух, айбыны мен айдыны жарасқан, бiр сөзбен айтқанда терезесi тең елдiң ұлдары мен қыздарының еңсесiн тiктеп жүретiн кезi ғой.

Жас ұрпақ әрқайсысы жеке тұлға болып, бiлiм-ғылымның қия шыңын бағындырып, ел ертеңiн баянды ететiн әрекеттерiмен танылуға тиiстi. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы атқарып жатқан iстер аз емес, ал ендi атқарылатын iстер қаншама. Соның iшiнде  заң дайындаумен айналысып жүрген депутаттарымыз сыбайлас жемқорлыққа жол бергендермен күресудi қолға алса қуана құптар едiк. Халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру, жұмыссыздықты жою, мәдени мұраларды сақтау, дамыту сияқты рухани құндылықтарды ұлықтау, тiптi болмағанда қазақ тiлiнiң мәртебесiн асқақтататын әрекеттерге неге бармасқа?

Қазақстанда тұрып жатқан әрбiр ұлт өкiлi өз Отанымыздың патриоты болуы керек, сөзбен емес, iс жүзiнде. Ол дегенiмiз туған елiмiздiң түтiнi түзу шығуы үшiн татулық пен Елбасы үнемi айтып отыратын ел бiрлiгiн сақтауымыз қажет, одан әрi ғылым-бiлiмдi жете меңгерiп, дүниежүзiлiк жаһандану үрдiсiнде жұтылып кетпеу үшiн тынбай еңбектену керек. Ауылдағы  бау-бақшаны гүлдендiруден бастап,  жұмыс орнымен қамтамасыз ететiн алып өндiрiс орындарын ашуды жолға қойған абзал. Елу елдiң қатарына абыроймен кiретiн мүмкiндiктердi iздеу - басты мiндет.

Елбасы мәртебесiн көтерудi әркiм өзiнен бастауы керек. Адал еңбегiмен, пәк ниетiмен, Отанға деген шексiз берiлгендiгiмен... Елбасымен болған бiр кездесулерде кiшкене шәкiрттiң немесе жап-жас студенттiң Президенттi бас-көзге қарамай төпелей мақтап, ақыл айтып жататыны жанға батады.  Кiшкене баланың Елбасыға деген ниетiн жеткiзудiң әдемi жолын өзiмiз бұрып жiберiп жатамыз. Егер де көптi көрген, ақыл-парасаты мол абзал жандардың Елбасыға деген тiлек-ниетi болып, соны жеткiзiп жатса, қандай жарасымды. Ақ шашты аналар мен аталардың бата бергенi имандылық жағынан да жағымды.

Қорыта келгенде, Елбасы өз мәртебесiн тек заңдармен немесе өзге де құқықтық актiлермен белгiлеуге болмайды деп есептейдi, сондай-ақ түрлi атақтар сияқты бекершiлiкке әрдайым қарсы. Осы және басқа жағдайларды есте берiк ұстап, iлгерi ұмтылайық. Халық аманатын арқалаған Президентiмiзге «бекершiлiк» атақ беру арқылы емес, ұлттың көш-керуенiн тура жолмен алып жүруiнде адастырмайтын амалдармен қолдау көрсетейiк.  Сонда ғана ұлт мұраты орындалады.  Елбасы ел аманатын арқалап келе жатыр, сол жолда баршамыз бiрге болайық.

Нариман НҰРПЕЙIСОВ

0 пікір